Биологиялық орталықта өткізілген «Адалдық алаңы» акциясы!
Ағымдағы жылдың 13-ақпанынан бастап Облыстық биологиялық орталықта қоғамдағы бір-біріне деген сенімділікті нығайту және тәрбиеленушілер мен педагогтар өздерін адал адам ретінде танытуға мүмкіндік беретін «Адалдық алаңы» деген акция жарияланды.
Бұл акцияның мақсаты- орталықтағы жас натуралистердің сыбайлас жемқорлыққа деген қарсы көзқарасын қалыптастыру.
Биологиялық орталықтағы жас натуралистердің өзін-өзі басқару Кеңесінің мүшелері «Адалдық алаңы» шарасын өткізуге белсене араласты: акция ережелері туралы плакаттар, заттарды қоятын сөрелер, педагогтармен бірігіп кепкен гүлдердің топтамаларын, моншақ, бисер және қауырсандарды қолданып әшекей бұйымдар дайындады. «Өсімдіктану» үйірмесінің қолшеберлері Бірлікқызы Диана мен Жұмабай Гүлжан қолғаптар тоқып, жұмсақ ойыншықтар жасады. «Гүлдендіру» үйірмесінің педагогы Бажакова Диана Токтагановна кішкентай балаларға әдемі байпақтар тоқыды. Педагогтар мен жас натуралистер ұнаған өнімді сатып алу үшін кассаға ақшаларын салып, қажет жағдайда қайтарым ақшаларын алады. Сатып-алу әрекеттері сатушының қатысуысыз жүреді.
Осы шарадан түскен ақшадай қаражат қайырымдылық көмек ретінде мектеп-интернат қабырғасында ата-ананың қарауысыз қалған балаларды асырайтын мекемелердің шотына аударылады.
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты




