Масленица- қысты шығарып салу мейрамы

Масленица- Қысты шығарып салып, Көктемді қуанышпен қарсы алатын қызықты мейрам. Көктем- табиғаттың оянып, жер бусанып, күннің нұры шуағын шашып, жылылық ұялайтын мезгіл. Осы мейрамда құймақтың пісірілуі Күннің құрметіне арналған: күн тәріздес домалақ, қызара піскен ыстық құймақтар Күннің ыстығы мен ұзаруының нышаны.

Ағымдағы жылдың 4-10 наурыз аралығында облыстық биологиялық орталық үйірмелерінің тәрбиенушілерінің белсене қатысуымен дәстүрлі түрде Масленица мейрамы атап өтілді.

Бір апта бойы үйірменің тәрбиенушілері осы іс-шараға қатысты қызықты оқиғалар мен аңыздар туралы хабардар болды. Масленица мейрамы тарихының әр күнінің айтарлықтай маңызы бар. Дүйсенбі- «кездесу» күні. Бұл күні Масленицаға арнап шөптен тұлып жасаған, оны безендіріп, көшелермен алып жүрген. Ойын-сауық құрып, дәмді тағамдарға толы дастархан жайылған. Сейсенбі- «әзілдесу» күні. Таңертеңнен бастап қызықты ойындар ұйымдастырып, жас қыздар мен жігіттер құймақтар жеген. Сәрсенбі- «тәтті тамақ» күнінде, әрине тағамдардың ішінде ең бірінші орында құймақтар тұрған. Бейсенбі- «қыдыру» күнінде халық  қысты ысырып, көктемге жол беру үшін, күннің шеңбері сияқты, сағаттың бағытымен аттарды жегіп алып, ауылды айналып жүрген. Жұма – «тещины вечера- ененің кеші», бұл күні күйеу баласы енесінің үйіне құймақ жеуге келген. Сенбі- «қайын апа-сіңілдерінің отырысы» күнінде туған-туыс бір-бірінің үйіне қонаққа барып, сый-құрмет көрсеткен, құймақпен тамақтандырған. Жексенбі- қорытынды «кешірім сұрау» күні. Ағайын- туыс өз ара ренжіткен кездері болса кешірім сұрасқан, содан кейін өлең айтып, би билеп Масленицаны тойлатып шығарып салған.

Масленицаның бірінші күні биологиялық орталық үйірмелерінің балаларының қатысуымен шөптен тұлып жасап, сәнді киім кигізіп, безендірілді. Аптаның қорытындысы бойынша орталықтың ұжымы мен жас натуралистер тұлыпқа өздерінің аңсаған тілектерін айтып, әдемі ленталар байлады. Дәстүр бойынша тұлыпты өртеп, оқу-тәжірибелік телімге осы жыл молшылық жылы болсын деген ырыммен күлін шашты. Оттың жалыны барлық өкпе, ауырпашылық, қайғы- мұңды алып кетті. Масленица мейрамы өте қызықты өтті.

 

«Аранжировка және флористика» үйірмесінің

  тәрбиенушісі Бергенова Карина,

  жетекшісі Зайкина Ирина Игоревна

 

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.