Биологиялық орталықтың жас өсімдіктанушылары натуралистер арасында тақырыптық онкүндік өткізді
Ағымдағы жылдың 18-ақпанынан 1-наурызға дейін балалардың биологиялық орталығында «Өсімдіктану» үйірмесінің бастауымен «Өсімдіктанушының күнтізбесі» атты тақырыптық онкүндік өтті.
Он күн бойы жас натуралистер көкөністердің көшеттерін отырғызу үшін тұқымды қалай дұрыс дайындауы, өсімдіктерге зиян тудыратын зең ауруын алдын алу шаралары туралы мәліметтер алды.
Көкөніс мәдениетінің ұсақ тұқымынан бастап, пісіп жетілгеніне дейінгі фенологиялық даму сатысымен таныс болды. Өсімдіктерге жүргізген қызықты және еліктіргіш ғылыми тәжірибелері туралы оқушылар өз ара бөлісті. Әлемдегі көкөністердің барлық түрлері, олардың шығу тарихы мен таралуы туралы ақпаратты кітапшалар дайындап, селекцияның ғажайыптарын кеңірек ашты.
Қорытынды жұмысында балалар әлемдік картадан көкөністің шыққан отандарын тауып, тиісті көкөніс суретімен белгіледі. Сонымен қатар көкөністердің адам және жануарлардың өміріне тигізетін маңызы мен пайдасы туралы «Дәрумендік серпіліс» деген қойылым көрсетті.
Орталықтың жас натуралистері көкөніс мәдениеті туралы өздеріне таң қаларлық жаңалықтар ашты және алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетуге мүмкіндік алды.
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты





