Семей қаласындағы биологиялық орталық ұжымы Дүниежүзілік тазалық күніне қатысты!

19 қыркүйекте бүкіл әлем бойынша «World cleanup Day» дәстүрлі ірі акциясы өтті. Бұл акцияның мақсаты – табиғатты қоқыстан тазарту және тазалықты сақтау үшін қоғамды біріктіру. Бұл күні бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар сенбілікке шығып, қоғамдық және қорық орындарын тазалады. Өткен жылы акция әлемнің 169 елінің адамдарының басын қосты.

Бұл қозғалыс алғаш рет 2008 жылы Эстонияда бастауын алған: 5 сағаттың ішінде 50 000 волонтер жер бетін 10 000 тонна қалдықтардан тазартқан. Бір күндік тазартудың нәтижесі аумақтардың ластануын 75 пайызға төмендеткен.

Семей қаласы Дүниежүзілік тазалық күніне қатысқан Қазақстанның 17 қаласының бірі. Биологиялық орталықтың ұжымы үшінші рет Дүниежүзілік тазалық күніне ат салысып, қолдау көрсетті! 1500-ден астам адам туған қаласын қоқыстар мен ластанудан тазартып, қоршаған ортаға деген қамқорлық ниетін білдірді. Біздің қаламыздың тұрғындары таза аумақтарда өмір сүргісі келеді және заңсыз қоқыс тастауға жол бермейді.

Таза көшелермен, әдемі аллеяларда серуендеу, қаланың жасыл саябақтарында уақыт өткізу қаншалықты жағымды. Бірақ олардың тазалығы мен абаттандырылуы әр адамға байланысты. Біздің әрқайсымыз таза қалада өмір сүргіміз келеді. Қоқыс зиян екенін түсінеміз. Ол қоғам ауруы, қала ауруы, сөзбе-сөз мағынада ауру. Әрбір ақылды адам өзін, отбасын, балаларын осы аурудан қорғағысы келеді. Солай ойлай тұра бәрі бірдей қолайлы жағдай жасай бермейді. Біздің қаламызда тазалық орнауы үшін не істеу керек? Темекі тұқылдары, кәмпиттің қағаздары, пластикалық құтылар айналада шашылып жатпауы үшін не істеу керек? Бұл үшін қаланың тазалығын сақтау керек, өйткені біз бұл әлемді таза күйінде ұрпақтарымызға жеткізуіміз керек. Келешек үшін әлем таза болуы керек. Жол бойында қоқыстар болмауы керек. Әр бұрышта сыраның бос бөтелкелері жатпауы тиіс. Бізден балалар тазалықты, әдептілікті, қоқысты шашпау туралы дағдыларды үйренуі тиіс. Бүгінгі таңда бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдардың біріккен ортақ мақсаты – таза планета мен қоқыс мәселесін шешу. Осы мәселенің жүйелі шешімі: экология туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, үнемдеу технологияларын енгізу және қоқыстарды бөлек жинау.

Қаланы немесе бүкіл мемлекетті қоқыстан тазарту- бұл нағыз ерлік! Біздің планетамыздағы тазалық – сүйікті қаламыздың әр бұрышын тазалаудан басталады. Осы орайда қосқан күш-жігеріміз мағыналы! Тазалықты сақтауға әр адамдың мүмкіншілігі бар! Әр адамның үлесі – кез келген табысты істің негізін қалайды.

Бір адамның қолынан түк шықпайды деген ұғым үлкен қателік, себебі «Көп түкірсе көл» деген нақыл сөз бар. Жұмыла көтерген жүк жеңіл, сондықтан қолыңыздан келген жұмыстан аянбаңыз!

 

Зайкина Ирина Игоревна- нұсқамалық-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі.

 

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.