«Жасыл планета» экологиялық фестивалі

2020 жылғы 24 қыркүйекте Семей қаласының биологиялық орталығы «Отбасы орталығы» қоғамдық қоры және Достық үйімен бірлесіп «BIRGEMIZ: SABAQTASTYQ» жалпыұлттық жобасының бөлігі болып табылатын «Жасыл планета» жобасы шеңберінде эко – фестиваль өткізді.

Осы шараға орай биологиялық орталық бөлімдері қонақтар үшін «Ашық аспан аясындағы тірі табиғат зертханасы әлемі» атты танымжорықтар ұйымдастырды. Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отыра, экологиялық зертханада «Тәжірибе жүргіземіз!» деген шеберлік класс өткізілді, онда қатысушылар өсімдік жапырақтарындағы пигменттерді анықтау мақсатында тәжірибелер мен эксперименттер жүргізді. Балалар мен ересектер пигменттердің хлорофилл, ликопен, ксантофилл және каротин деген 4 түрі барын білді. «Дуэт» шеберханасында қонақтар флористика және аранжировка әлеміне қанығып, өз қолдарымен табиғи материалдар мен тірі гүлдерден гүлшоқтарын жасады. Қатысушылар теңіз шошқаларын, тасбақаларды, атжалмандар мен  қояндарды тамашалады.  Жануарларды қолдарына ұстап, сипалап, ерекше мейірімділік пен жылы сезімге бөленді. Сондай-ақ өсімдіктану бөлімі қонақтарға арнап «Күз сыйы» атты танымдық көрме ұйымдастырды, мұнда олар көкеністірдің алуантүрлі сұрыптарымен, түрлерімен танысты. Іс-шараның соңында қатысушылар педагогтардың көмегімен шығармашылық шеберханада жақын туыстарына арнап өз қолдарымен бұйымдар жасады.

Ұйымдастырылған іс-шара қонақтардың көңілінен шықты, өз тараптарынан олар орталық қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.