Халықаралық қар барысы күніне арналған жас экологтар мен биологтардың «Табиғат мінсіз, мін тек бізде ғана!» онлайн слёті
2020 жылдың 23 қазан күні балалар биологиялық орталығында «Табиғат мінсіз, мін тек бізде ғана!» атауымен қашықтықтан жас экологтар мен биологтардың слёті өтті. Оған қаланың және қала маңындағы 14 жалпы білім беретін мектептердің 100-ге жуық оқушылары қатысты.
Іс-шараны өткізу барысында қатысушылар өз мектептерінің экологиялық-биологиялық бағыттағы үйірмелік қызметін, табиғатты қорғауға арналған сахналандырылған үгіттеу қойылымдар түсірілген бейне роликтерін жіберді. Барлық мектептер сайысқа түрлі-түсті костюмдерін, қойылымға арналған бұйымдар мен эмблемаларды жақсы дайындаған.
Өткізілген іс-шарада «Қоқысты бірге сұрыптаймыз!»атты онлайн экологиялық акция жарияланды, бұл акцияның мақсаты – барлық қалалық және қала маңындағы мектеп оқушылары мен өсіп келе жатқан ұрпақтың назарын ғаламшарымыздың табиғи ресурстарын жауапкершілікпен үнемдеп тұтынуға, сонымен қатар екінші рет пайдалану қажеттігіне аудару. Акцияның аралық қорытындысы ай сайын биологиялық орталықтың сайтында жарияланады.
Қашықтықтан өткен слёттің қорытындысы бойынша экологиялық-биологиялық үйірменің үздік шығармашылығы мен көріністері түсірілген бейне роликтері үшін грамоталармен марапатталды:
І орын –«Шүлбі ЖОББМ» КММ, жетекшісі-Е.Л.Оспамбаева;
ІІ орын – «№32 ЖОББМ» КММ, жетекшілері-С.Г.Амиргазина, А.К.Олжаева;
ІІІ орын –Озерки ЖОББМ, жетекшісі – З.Д.Сулейменова.
Осы оқу жылында балалар биологиялық орталығының қашықтықтан өтетін табиғатты қорғауға бағытталған 12 түрлі көпшілік-тәрбиелік іс-шаралар мен акцияларға мектеп үйірмелері белсене қатысулары көзделуде.
Биологиялық орталықтың көптік іс-шараларды
ұйымдастыру жұмыстарының әдіскері
Л.К.Жунусова
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты




