Облыстық балалар биологиялық орталығының директоры Валерий Николаевич Дядов өмірден өтті

2020 жылдың 30 қазанында 71 жасқа қараған шағында облыстық балалар биологиялық орталығының директоры, еңбек ардагері, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, Ыбырай Алтынсарин белгісінің иегері Валерий Николаевич Дядов өмірден өтті.

Валерий Николаевич биологиялық орталықты 30 жылдан астам үздіксіз басқарып келген. Өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын, құрметті де іскер басшы болды. Әр адамның тілін тауып, ықыластық білдіріп, қорғаны болды, осы қасиеттері арқасында ұжымда үлкен құрметке ие болды. Өз достары арасында да сыйға бөленген жан болды.

Бұл кісінін қазасы, оны жақын біліп-танитын адамдар үшін ауыр қайғы. Әсіресе жақын туыстары мен әріптестеріне орны толмас қайғы.

Валерий Николаевичтің жарқын бейнесі туыстары мен жақындарының жүрегінде мәңгіге сақталады.

Облыстық балалар биологиялық орталықтың ұжымы марқұмның туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтады.

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.