Орталықтағы «Алтын күз» фестивалі
Биологиялық орталықта үйірмеге қатысатын тәрбиеленушілер үшін қызықты демалыс жалғасын табуда. Демалыстың үшінші күні «Алтын күз» фестивалімен басталды, онда балалар табиғаттағы күзгі құбылыстар туралы білімдерін тереңдетті. «Тәжірибе жүргіземіз!» шеберлік сағатында экологиялық зертханада өсімдіктердің жапырақтарындағы пигменттерді анықтау үшін тәжірибелер жүргізді. Біздің тәрбиенушілер пигменттердің 4 түрі бар екеніне көз жеткізді: хлорофилл, ликопен, ксантофилл және каротин. Каротин мен ксантофилдің басты айырмашылығы- каротин қызғылт сары түс берсе, ксантофилл сары түс береді. Сонымен қатар, каротин- құрамында оттегі атомы жоқ көмірсутек болса, ал ксантофилл- құрамында оттегі атомы бар көмірсутек.
Салауатты өмір салты мәселелері күзгі демалыс кезінде өте өзекті. Өзін-өзі басқару кеңесі үйірмелер арасында онлайн спорттық эстафета ұйымдастырды. Санитарлық сектордың белсенділері тұмау, ЖРВИ, суық тиюге және коронавируске қарсы алдын-алу шаралары бойынша әңгіме өткізді. Бүгінгі іс-шарамыз шығармашылық жұмыстармен аяқталды, балалар «Табиғат шабыттандырады» конкурсына арнап әр түрлі табиғи материалдар: ағаштардың жапырақтары, бұтақтары мен бүршіктерінен, сабан шөптерден, жидектер мен жемістерден бұйымдар жасады.
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты




