Гүл өсірсең елдің көркі

Біздің облыстық балалар биологиялық орталығында 80 жылдық тарихы бар ерекше орын алатын бөлме гүлдері бөлімі бар. Гүлдер айналамызды әдемілікке бөлейтін ерекше құбылыс. Қаламыздың әр түкпірінен келген оқушылар «Гүлдендіру» үйірмесіне аса қызығушылықпен келулерінің бірден-бір себебі тірі табиғатымыздың сұлу да, нәзік бөлігі- гүлдер.

Бірінші күннен бастап үйірмеде оқушыларды гүлдермен таныстыру жүргізіледі. Гүлдендіру бөлімінде 100-ге жуық гүлдердің түрі өседі. Оқушылардың сүйікті әрі қызығатын гүлдерінің бірі- бегония,герань,фикус.

    Бегония – сабағы түкті, жапырағы түрлі-түсті көпжылдық шөптесін өсімдік. Бегонияның 1000-нан астам түрлері бар. Бөлме гүлдерінің арасында кез-келген жағдайда икемделе алатын кең таралған гүл. «Begonia» деген атауды Гаитердің губернаторы М.Бегонның құрметіне берілген. Негізінен Бегониялар Америка, Оңтүстік Шығыс, Азия, Африка мен Модогаскар аралының тропиктік және субтропиктік ормандарында өседі. Ол әдемі жапырақты және әдемі гүлдейтін  гүл ретінде өсіріледі. Бегония жазда және күзде гүлдейді, ал жабық бегония желтоқсанға дейін гүлдей алады. Бегония жапырақтары ақ, күміс немесе жасыл жидектермен безендірілген. Бегония жылу сүйгіш өсімдіктер, оны +15, +20 С температурада ұстаған дұрыс. Бегония отбасында сүйіспеншілік пен татулықтың символы бола алады. Оны көбінес қарттар мен аурушаң адамдардың бөлмесіне қоюға болады. Себебі зиянды заттарды жояды, күйзеліспен күресуге көмек береді.

    Герань (пеларгония)- гүлінің ғылыми атауы- пеларгония.Ол бөлмедегі ауаны ылғалдылықтан,улы газдардан, микробтар мен вирустардан тазартып отрырса, жаз айында үйге шыбын-шіркей кіріп кетпеуден қорғайды.Бұл гүл қан қысымының төмендеуіне , бас ауруына ем, сонымен қатар алмасу процестерін қалыпқа келтіруге қабілетті.

Фикус үй иесін уайымнан, үрей мен агрессиядан арылтады, сонымен қатар адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға септігін тигізеді.Ауадағы шаң мен уытты, формальдегидтерді жұтып, бөлмені тазартады.Сонымен бірге тыныш ұйқы мен сергек оянуға ықпал ететін заттарды бөледі. Гүлдер жайлы аңыздар мен мәліметтер өте көп.

Гүлдер жайлы қызықты мәліметтер мен гүлдің қыр-сырын оқушылар жыл бойында «Гүлдендіру» үйірмесінде білетін болады. Гүлдер бізді әдемілікке, ізгілікке тәрбиелейді.

Абылқасымова Ләйлә Болатқызы 

Семей қаласының облыстық балалар

 биологиялық орталығының қосымша білім беру педагогы.

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.