Семей қаласының ерекше ағашы- маньчжур жаңғағы
Адамдар өмірінде ағаштар аса маңызды роль атқарады. Олар табиғи ортаның қорғаушысы, барлық физикалық және химиялық ластағыштардан тазартушы. Жасыл желектер табиғаттың бағалы сыйы, құнды көзі.
Биологиялық орталықтың аумағында ағаштар мен бұталардың 30-дан астам түрі өседі. Олар шырша, қарағай, терек, қайың, ақшатыр, мойыл, шегіршін, сонымен қатар ерекше орын алатын- маньчжур жаңғағы.
Біз, «Экология және табиғат» үйірмесінің жас натуралистері, өз аумағымызда өсетін ағаштар және бұта өсімдіктерін өсірудің агротехникалық тәсілдерін, табиғи учаскелердің дизайн негіздері мен безендіру элементтерін тереңдетіп зерттейміз. Қаланың орталығын жасыл желектендіруге арналған ағаштардың, бұталардың үлкен ассортиментін өсіреміз және бақылаймыз.
Осындай бақылаудағы ағаш түрлерінің бірі – маньчжур жаңғағы. Манчжурлық жаңғақтың отаны- Қиыр Шығыс. 2009 жылы жаңғақ ағашының кішкентай өскіндері биологиялық орталыққа отырғызылған. Жапырақтары өте жалпақ, ұзындығы 100 см-ге дейін. Ағаштың үсті тәжі сияқты, сондықтан пальма ағашына ұқсайды. Маньчжур жаңғағы Семей өңірінде жиі болатын 45 градус аязға төтеп береді. Жаз мерзімінде аумаққа экзотикалық көрініс беріп, күзде бақшаны сары жапырақтармен безендіреді. Маньчжур жаңғағының жемістерін көктемде, қар ерігеннен кейін жинауға болады. Егер ағаштың қабығын қопсытса, дәнегі жарнақтан оңай бөлінеді.
Бір байқағанымыз, маньчжур жаңғағы ағашының астында масалар, шыбындар және басқа да ызыңдаған шыбын-шіркейлер болмайды. Себебі оның жапырақтарында сарымсақ пен мойылда кездесетін фитонцидтер бар. Жаңғақ ағашының жас жапырақтары инсектицид ретінде жеміс ағаштарының көбелектері және бүргелерімен күресу үшін қолданылады. Күнделікті өмірде маньчжур жаңғағының жапырақтары, аң терісі мен жүн өнімдерін күйе жемеу және бүргелерден қорғану мақсатында қолданылады.
Осы ағаштың аталған жақсы қаситеттерін ескеріп, биологиялық орталықта оны көбейтуді жөн көрдік.
Маньчжур жаңғағын отырғызу екі әдіс арқылы жүзеге асырылады. Бірінші әдіс: жаңғақтарды көктемге дейін орташа температура мен ылғалдылық жағдайында сақтадық. Отырғызар алдында он күн бойы суға малып қойдық. Суын ауыстырып отырдық. Екінші әдіс- жаңғақтарды бір тәулікке 30ºC температурадағы суға салып қойдық. Одан кейін екі-үш ай бойы +5ºC аспайтын температурада сақталды, содан кейін жәшіктерге отырғыздық. Маньчжур ағашының жаңғағы оңай жарылу үшін жемісін қыркүйек айының соңында, қабыршақтары кепкен кезде жинау керек.
Өзіміз отырғызған ұрықтар мамыр айында өсіп шығуы тиіс. Еңбегіміздің нәтижелі болуын асыға күтудеміз және бақылау күнделігін жүргізудеміз.
Егер әр адам ағаштардың әдемі көрінісіне таңданып қана қоймай, оларды көбейтуге үлес қосса, онда біздің туған қаламыз таза әрі көркем болар еді. Өмірінде бір тал ағаш болсын отырғызып, баптап өсірсе, сол адам өзіне мәңгілік жасыл тірі ескерткіш орнатқанмен тең саналушы еді.
«Экология және табиғат» үйірмесінің
жас натуралисі Серик Алинур,
облыстық балалар биологиялық орталығының
қосымша білім беру педагогы
Амирханова Жанар Болатбековна
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты




