Құлпынайды қысқы мерзімге дайындау

Құлпынай- хош иісті ерекше дәмі бар ең дәмді және пайдалы жемістердің бірі. Құлпынай мен бүлдірген- бір биологиялық тұқымның жидектері. Орыс тілінде құлпынай деп ірі жидекті құлпынайдың барлық түрлері аталады. Жер шарында құлпынайдың 300-ден астам түрі өсіріледі.

Биологиялық орталықтың оқу-тәжірибелік телімінде құлпынайды күзде отырғызуды шештік. Күзде құлпынай көшеттерін отырғызу уақыты әртүрлі жағдайларға байланысты. Тәжірибе көрсеткендей құлпынайды күзде отырғызудың ең қолайлы кезеңі- қыркүйек айы. Егер сіз күз мерзімінің  соңғы айларында отырғызсаңыз, көшеттер алғашқы аязға дейін тамырланып үлгермейді, сол себепті суыққа төзімділігі айтарлықтай төмендейді.

Осы кеңеске сүйене отырып, біз қыркүйек айының ортасында суперфосфатпен тыңайтып, құлпынай отырғыздық. Сабақтары арасындағы қашықтық 25-30 см, ал жүйектер арасында 70 см болды. Құлпынай отырғызатын бөлімді төрт бөлікке бөлдік, екі бөлікке күзде салып, өнімді салыстыру үшін екі бөлікті көктемге қалдырдық.

Егер сіз күзде құлпынайдың үстін жаппасаңыз, онда келесі жылында жемісі

соншалықты мол емес және ұсақ болады. Бір қарағанда сабақтары тірі,  көктемде гүлдейді, бірақ беретін жемісі нашар болады. Қыстың төмен температурасы кезінде қар қалың болса құлпынай үшін соншалықты қауіпті емес. Құлпынай күздің аяғында, температура төмен бірақ әлі қар жаумаған кезде үсіп кетеді. Осы кезеңде құлпынайды қорғаудың барлық іс-шараларын қолдану керек.

Құлпынайды күзде, қатты аяз басталмай жапқан орынды. Қатты аяз деп -8 градустан төмен температура саналады. Дәл осы уақытта құлпынайды жабуыңыз керек. Егер 0-ден -8 градусқа дейінгі аяз болса, құлпынайды жабудың қажеті жоқ. Бірақ ау

а температурасы нөлден жоғары болған кезде алдын-ала жабуды шешсеңіз, тек құрғақ ауа-райында әрекет жасаңыз, әйтпесе құлпынай жамылғы астында шіріп кетеді.

Қолайлы уақытты анықтау үшін біз ауа температурасы мен топырақтың қату тереңдігіне назар аудардық. Өсімдіктің жабуға дайындығының тағы бір белгісі – өсімдіктің “ұйқы” күйіне енуі. Оны жапырақтардың түсінен анықтай аласыз: бұрынғы жапырақтары қоңыр түске, ал жас жапырақтары күңгірт сұр-жасыл түске айналады.

Сіз қар қалың жауатын, кемінде 30 см түсетіндей өңірде тұрсаңыз, онда қардың қалыңдығы жеткілікті, құлпынайды жабудың қажеті жоқ. Қар-өсімдіктер үшін ең жақсы табиғи жамылғы. Желсіз қыста қар ұшпай, жүйектерде қалады және көктем келгенге дейін құлпынай көшеттерін жылытып жатады. Ауа-райының кенеттен күрт өзгермеуі де құлпынайдың қыстап шығуына жағымды әсер етеді.

Біз тұратын аймақ ауа-райы күрт өзгеретін өңірге жатады, сондықтан құлпынайды қымтап жабу керек.

Қазан айының соңында біз құлпынай отырғызған аумақты табиғи материалдармен жауып тастадық. Жамылғы ретінде өсімдіктердің жапырақтары мен сабақтарын, ағаш үгінділерін, шыршаның бұтақтарын қолданыңыз. Бірінші телімге біз ағаш үгінділерін таңдадық. Бұл суық қарлы қысы бар аймақтар үшін жақсы тәсіл. Шамамен бір шаршы метрге бір шелек жеткілікті. Үгінділер алғашқы аяз түскенде өсімдіктің тамырларын суықтан қорғайды, содан кейін қар жамылғысы пана болады. Екінші телімге біз сарыраушан гүлдерінің сабақтарын қолдануды жөн көрдік. Олар да аяздан жақсы қорғайды.

Біз үшін басты мақсат- қолданған табиғи екі материалдың қайсысы құлпынайдың өсуі мен дамуына, сондай-ақ жемістің өнімділігіне жақсы әсер беретінін анықтау. Келесі жылы отырғызған құлпынайымыздан тәтті жидектер алып, еңбегіміздің жемісін көреміз деген үміттеміз.

 

Данабекова Алина-

«Бау – бақша» үйірмесінің тәрбиеленушісі,

Ахметова Іңкәр Ерланқызы-

облыстық балалар биологиялық орталықтың

қосымша білім беру педагогы

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.