Сарышымшық күні

Бүгін биологиялық орталықта үйірмеге қатысатын оқушылар үшін айтарлықтай қызықты күн болды. Қыстайтын құстарды құрметтейтін экологиялық мереке «Сарышымшық күні» аталып өтті.

Жыл сайын, Сарышымшық күні, балалар қыстайтын құстарды қуана қарсы алады және олардың ерекшеліктерімен танысады. Құстарға арнап жемшашарлар дайындайды, олар туралы өлеңдер шырқап, тақпақтар оқиды, жұмбақтар шешеді, ойнайды және қысқы құстарды тамашалайды. Әртүрлі дәрумендер қосылған жемдерден қоспа жасайды. Тағамдар дайындау барысында қиялдарын іске асырып, әртүрлі пішін түрінде жарыса дайындайды. Содан кейін жемшашарларды ағаштар басына іліп, қанатты достарын әр түрлі тәттілермен қуантады. Осы күннен бастап олардың қыстайтын құстарға қызықты фенологиялық бақылаулары басталады. Құстарды қоректендіргенде оларға жеуге  тыйым салынған өнімдерді ескерген жөн: тұздалған май, құрамында аз мөлшерде болсын тұзы бар кез-келген тағамды беруге болмайды, қуырылған пістелер бауырға теріс әсер етеді, ал мерзімі өткен тағамдар және экзотикалық жемістер аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін. Құстарға пайдалы тағамдар қатарына: шикі пістелер, тұздалмаған май, жармалар (күріш, сұлы, тары, сөк, арпа), ұсақталған бидай, кептірілген жидектер мен жемістер жатады.

Қыстайтын құстарға назар аударып, арнайы жемшашар аулаңызға орнатып, қыс бойы тамақ берсеңіз, құстар сіздің үйіңізге қуаныш пен сәттілік әкеледі. Кішкентай қанаттылар – табиғаттың бір бөлігі. Биологиялық орталықтың тәрбиенушілері әлемнің биоалуантүрлігін жұмыла бірге сақтауға шақырады!

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.