Абай мұражайына виртуалды саяхат
2020 жылдың 16 қарашасында облыстық балалар биологиялық орталығының педагогтары мен үйірмелерінің тәрбиеленушілері үшін Абай атындағы мұражайға виртуалды экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия жетекшісі Гүлім Кадирсизова мұражайдың құрылу тарихы және Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірбаянымен, әдеби шығармашылығымен таныстырды, сонымен қатар ақынның қайырымдылық және ағартушылық қызметімен де белсенді айналысқанын атап өтті. Абай атамыздың әдебиет пен ауыз шығармашылығына деген сүйіспеншілігі әжесі Зереден дарыған, өйткені бала кезінен ол әжесінің ұлттық ертегілері мен аңыздарын тыңдап өскен. Абай өзінің алғашқы өлеңдерін ерте жаза бастаған, алайда көптеген шығармалары қағазға түспеген себептен ұмтылып кеткен. Қазіргі оқырманға жеткен еңбектері, сол замандағы Абай өлеңдерін жатқа білетін адамдардың сөздерінен басылып, жарық көрген.
Экскурсия жетекшісі келесі бастама бөлімдер бойынша экскурсия жүргізді: «Абай және оның заманы»; «Абайдың ақындық мектебі»; «Шығыс поэмалары»; «Бейнелеу өнеріндегі Абай»; «Абай шығармалары», «Жыл мезгілдері»; «Кәдесыйлар залы»; «Абай және қазіргі заман»; «Ескендір поэмасы»; «Абай халық жүрегінде». Танымжорық тартымды да қызықты өткені соншалықты, олар мұражайға барып, өз көздерімен көргісі келетіні туралы пікірлерін білдірді.

Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты


