Сиқырлы қыс және балалардың денсаулығы!

Қыс мерзімі көптеген адамдар үшін жылдың сүйікті мезгілі. Аптап ыстық жазда біз жапалақтап жауған аппақ қарды, аққала соғуды, шаңғымен немесе шанамен сырғанауды, тағы да басқа ойын-сауықтарды қиялдап армандаймыз. Қыс жылдың ең суық мезгілі болса да жасыратын құпиялары көп және бәріне бірдей мәлім емес. Қар ұшқындары көзге бірдей көрінгенімен, бір-бірінен пішіні бойынша ерекшеленеді. Қар ұшқындары будан пайда болады және 90 пайыз ауадан тұрады, сондықтан желсіз ауа-райында олар жерге баяу түседі. Ал үнемі қатты аяз тұратын солтүстік мекендерде қар тастай болып қатып қалады, егер сіз қарды ұрғыласаңыз, темірді ұрғандай боласыз. Аяздың қырауы – бұл атмосфералық жауын-шашын, мұз кристалдарының жұқа қабаты. Осы табиғи құбылысты түсіндіру оңай: ауада әрдайым су буы болады, ауа-райы  суыған кезде ылғалды сақтау қабілетін жоғалтады. Температура төмендегенде қыраудың түйіршіктері ауада емес жердің үстінде,  ағаштарда,  үйлердің төбелерінде және терезенің әйнектерінде пайда болады. Осыдан біз айналадағы заттардың жылуды ауаға қарағанда нашар ұстайтындығына куә боламыз.

Биологиялық орталықта балалардың денсаулығы мен психологиялық күйлерін нығайту мақсатында қысқы сауықтыру кешені құрылды.

Денсаулық- адам баласының ең баға жетпес құндылығы, өмірінің әл-ауқатының негізі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін өскелең ұрпақты жастайынан баулу маңызды. Бүгінде балалардың денсаулығы дәрігерлерді, мұғалімдерді, ата-аналарды қатты алаңдатуда. Бұл кездейсоқ емес, өйткені бұрынғы ұрпақтармен салыстырғанда қазіргі балалардың физикалық жағдайының нашарлау тенденциясы байқалады.

Денсаулықты сақтаумен қатар оқыту процесіндегі басты мақсат- балаларды салауатты өмір салтын ұстануға, іскерлікке және алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалануға үйрету, яғни оқушыларда денсаулық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету. Осы мақсатта биологиялық орталықта барлық жағдай жасалған: олар үшін қар қалашығы соғылған, дене бітімін жетілдіруге арналған мұз айдыны құйылған.

Дене тәрбиесіндегі жұмыстың негізгі формаларының тағы бір түрі- таза ауадағы дене шынықтыру сәттері. Осы әрекеттеріміз- баланың денсаулығын шынықтыруға, иммунитетін көтеруге жағымды әсер етеді. Балалар далада кем дегенде бір сағат уақытын өткізсе, көңілдері  көтеріледі, сонымен қатар бірлескен іс-шаралар әлеуметтік дағдыларды дамытады, достық пен жауапкершілік сезімі мен жағымды моральдік қасиеттерін тәрбиелейді, физикалық дамуын жақсарта отырып, шыдамдылығы мен төзімділігі шыңдалады. Қазір балалар қашықтықтан білім алуда, сол себепті  педагогтар оларға онлайн режимде дене шынықтыру минуттарын ұйымдастырады.

Дені сау бала- әрдайым көңілді, зерек, педагог және құрдастарымен қарым-қатынаста өзін еркін сезінеді, барлық іс-шараларға белсене қатысады. Осы қасиеттер бүгінгі таңда бала үшін ең маңызды болып табылады.

 

Зайкина Ирина Игоревна

Облыстық балалар биологиялық орталығының

нұсқамалық-әдістемелік бөлім меңгерушісі

 

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.