Республикалық біліктілікті арттыру курстары
Осы жылдың қазан айынан бастап облыстық балалар биологиялық орталығының қосымша білім беру педагогтары Республикалық оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды дамыту», «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудың қажетті шарттары», «STEAM білімі– бағдарламалаудың жаңа мүмкіндіктері» (электрондық оқулықтар, қосымшалар, бейне сабақтар), «Қосымша білім беру жүйесіндегі балалардың әлеуметтік-коммуникативтік дамуы», «Қосымша білім беру жүйесіндегі менеджмент», «Балалар мен жасөспірімдерге білім берудегі STEAM технологиялар», «Балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетануға STEAM технологиясын енгізу» тақырыптарында біліктілікті арттыру курстарын өтті. Курстарда педагогтар қызметке қатысты көптеген қызықты және қол жетімді әдістемелік материалдарға қанық болды. Курсты ұйымдастырушылардың өткізу кестесі, ыстық ықыласы, қойылған сұрақтарға ұтқыр жауаптары, жұмыс сапасына деген көзқарастары білім алушылардың көңілінен шықты. Сондай-ақ педагогтар әдістемелік кеңесте айқынды ақпараттармен, алған білімдері және тәжірибелерімен алмасты.

Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты


