Таңғажайып тағдыры бар Тұңғыш Президент

1 желтоқсан – бүкіл ел болып Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мақтанышпен атап өтетін мереке. Мерекенің негізгі мақсаты- қазіргі тәуелсіз уақытта және болашақта елдің тұрақты дамуының іргетасына айналған идеялар мен саясат төңірегінде бірлесу.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні кездейсоқ белгіленбеген. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекетіміздің қалыптасуы, дамуы мен өркендеуіне баға жетпес үлес қосты. 1991 жылғы 1 желтоқсанда тарихта алғаш рет бүкілхалықтық түрде Қазақстан Республикасының Президенті сайланды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың отбасында дүниеге келді.

Балаға есім берудің өзі бір айтулы оқиға болған. Тойға жиналған туыстары әр түрлі есімдерді ұсынған. Қорыта келгенде, жаңа туған сәбидің әжесі Мырзабала: «Мен сүйікті немереме Нұр және Сұлтан атты есімдерді қатар алып, Нұрсұлтан деген ат қоямын», – деп ұйғарған.

Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан дербес Тәуелсіз мемлекетке айналды. Қазақстанның өз Мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұраны бар, әнұран мәтініне Тұңғыш Президент өз үлесін қосқан.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында дәстүрлі түрде Семей қаласының Облыстық балалар биологиялық орталығында «Жас натуралистер қатарына қабылдау» салтанатты іс-шарасы өткізілді, 100-ден астам балалар табиғатты сүюге, бағалауға және қорғауға ант беріп, жас натуралист қатарына қабылданды.

Сондай-ақ іс-шара барысында балалар Тұңғыш Президент пен Отан туралы өздері шығарған тақпақтарын оқыды.

 

Менің Отаным Қазақстан

 

Менің Отаным- Қазақстан. Қазақстан- кең байтақ ел. Елдің данышпан басшысы мен жақсы халқы бар. Отан … Атамекен … Туған жер… қаншама жүрекке жылы сөздер! Атақты ақындардың таңғажайып нәзік сезімге толы ән-жырлары, суретшілердің қаламынан шыққан ерекше сұлулығы бейнеленген еңбектері туған жерге арналған. Әр адам: ересек немесе жас бүлдіршін болсын, өзі дүниеге келген, алғашқы қадамын басқан, анасының нәзік бесік жырын естіп, қолдарының жылуын сезінген туған жерін өмір бойы сүйіп өтеді деген сенімдемін. Қандай жақсылық болсын Отанмен тығыз байланысты: балалық шақтан сізді қоршаған ағайын-туыстар, адал достар, армандаған мақсаттар мен жоспарлар. Оларды жүзеге асыру үшін жақсы оқып, биік жетістіктерге қол жеткізуіңіз керек. Отан дегеніміз – сүйіспеншілікке толы махаббат, шынайы жанашыр сезім. Аталған қасиеттер адам баласында өмірге келген күннен қалыптасуы тиіс. Ол үшін әрдайым адалдыққа,  халқының бостандығы үшін ерлік жасауға дайын болу керек. Егер өз Отаныңды шын жүректен жақсы көретін болсаң, Отан да саған қамқор болады: туған жеріміз біздің жанымызға қуаныш пен тыныштық ұялатады, сенімділік береді, ұлы істерге шабыттандырады. Туған жер әрдайым көркем және таза көрінеді. Бізге ең жарқын сезімдерді сыйлайтын, дала мен ормандардың хош иісін жұтуға, мөлдір өзендердің сылдырын таңдануға, көк аспан тұңғиығынан ләззат алуға мүмкіндік беретін Туған жеріміздің табиғаты. Туған жердің күні де ыстық, қыстағы қары да кіршіктей аппақ, ал жазғы жаңбыры- ең жылы жауын. Біздің жеріміздің барлық байлығы менің көңілімде аса құрмет пен мақтаныш сезімін тудырады. Өзін қоршаған адамдарға бей-жай қарайтын адам Отанға деген терең сүйіспеншілікті сезіне алмайды. Өз елін сүю – оның халқын сүюмен тең. (Уразова Наталья).

 

 

Мен өз Отанымды мақтан тұтамын! Қазақстан- көпұлтты мемлекет. Аумағы бойынша әлемде 9-шы орында тұр! Қазақстан- күрделі табиғи жағдайда салынған үлкен мемлекет, басым бөлігі – кең дала мен шөлейт жазықтар.

Қазақстан тәуелсіздікті осыдан 20 жыл бұрын, КСРО тарағаннан кейін алған. Бірақ Қазақстанның ұлттық мәдениетін бұдан көп ғасыр бұрын қазақтар, көшпенділер қалыптастыра бастаған және уақыттарының көп бөлігін ат үстінде өткізген. Олардың бар байлығы – бетегелі, селеуі мен жусаны мол көз жетпес даласы мен шөлейттері болған.     Қазір біздің елімізде әртүрлі ұлттың өкілдері тұрады: қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, татарлар және басқалар.

Біздің аймақтың ауа-райы құрғақ және адамдарға аса қолалы болмаса да Қазақстан жері пайдалы қазбаларға бай. Қазақстанда атақты «ғарышкерлер қаласы» Байқоңыр орналасқан, осы жерден ресейлік зымырандар ғарышқа ұшырылады. Әлемде  Қазақстан сияқты басқа мемлекет жоқ!

Біз Тұңғыш Президентімізге және барша Қазақстан халқына мемлекетіміздің жұлдызы жарқын әрі биік және әрбір қазақстандықтың жұлдызы жарық болсын деп тілек білдіреміз. Еліміздің экономикалық және саяси тұрақтылығын дамытуға, азаматтық патриотизмді, ізгілік пен келісімді, заң мен әділеттілік негізінде Қазақстан Республикасы халықтары арасындағы татулықты нығайтуға бар күш-жігерімізді саламыз.(Старченко Виталина)

Волкова Виктория Геннадьевна,

Семей қ. облыстық балалар биологиялық

 орталығының «Экология және өлкетану» үйірмесінің

 жетекшісі және жас натуралистер

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.