Көктемнің алғашқы гүлдері

Біздің аймақта қар енді ғана ери бастады. Полковничий аралында, педагогтар мен жас натуралистер табиғат өлкесінде «Көктем тынысы» деген танымжорық жүргізіп, көктемнің фенологиялық құбылыстарын тамашалады.

Танымжорықта біз қардың еріп, жердің қара-ала түрге өзгере бастағанын көрдік. Наурыз айында күн әлі де суықтау, бірақ ауа-райы күннен-күнге жылына бастайды, бұлттар азайып, күннің көзі сәулесін шаша бастайды. Біздің өңірге көктем асықпаса да, еріген қардың шалшықтары мен жылжып аға бастаған суларды байқадық. Алғашқы гүлдердің пайда болуын асыға күткендіктен, тек орталық төңірегі емес, қаламыздың телімінен де іздестіруді шештік.

Көктем – табиғаттың оянып, күн жылынып, құстар сайраған таң ғажайып кезең. Бұл кезде айнала түгел гүлденіп, жасыл шөптердің шыға бастағанына куә боламыз. Көктем мезгілі адамзатқа тіршіліктің тылсым сезімін, қоршаған айналамыздың түрлі-түсті әсемдігін сыйлайды. Көктемнің жайма шуақ күндерін жақсы көрмеу мүмкін емес.

Көктемнің алғашқы белгілері- әрине қардың еруі, сонымен қатар қардың астынан күннің көзін көруге асыққан алғашқы гүлдердің пайда болуы.

Наурызгүлдер- табиғаттың жаңаруының нышаны. Біз оларды ормандарда, алаңдарда және шабындықтарда кезіктіреміз. Біздің аймақтағы пайда болатын ең алғашқы гүлдер – бәйшешектер. Бәйшешек ақпан айының аяғы мен наурыздың басында гүлдей бастайды. Бұл нәзік және аппақ гүлдер 10 градустан төмен суықтыққа шыдамды. Бәйшешек – көктемнің белгісі. Ежелгі аңызға сүйенсек, Адам мен Хауананы жәннаттан қуғанда, бәйшешек гүлі оларға үміттің іске асырылуына жол ашқан. Періштелер Хауана үшін қар ұшқындарын жайқалған гүлдерге айналдырып, көктемнің келуін сыйлаған.

Полковничий аралындағы ең алғашқы пайда болатын гүлдер- қазжуа. Қазжауалар көктемнің басында гүлдейді және оларды біз бір айдай ғана тамашалай аламыз. Себебі олардың сабақтары мен жапырақтары тез солып, жердің астында қазжуаның нәрлі баданасы қалады.

Бұрын қазжуалар барлық орман алқаптарында, шабындықтарда гүлдеген.  Қарт адамдардың айтуы бойынша, көктем уақытында жабайы қаздар алқаптар мен шабындықтарға қонып, гүлдердің баданаларын шоқып жеген. Сол себепті осы алғашқы гүлдер қазжуа аталып кеткен.

Әрине, көптеген алғашқы гүлдердің Қызыл кітапқа енгізілуі өкінішті. Әсіресе Алтай желайдары, сібір қандығы және өте сирек кезігетін жабайы өстетін (әр алуан жапырақты, бүгілген, дара гүлденетін) қызғалдақтардың түрлері жойылуда. Гүлдердің осы түрлері Қазақстан Республикасында сирек кездесетін және жойылып бара жатқан гүлдер ретінде Қызыл кітапқа енгізілген. Рұқсат берілмесе де «қызылкітаптық» гүлдерді жасырын жинайды.

Шығыс Қазақстан облысында қарағай орманында алғашқы гүлдердің тағы бір түрі пайда болды, ол Қызыл кітапқа енгізілген күлгін-көк түсті кестежусан немесе ұйқы шөбі. Мәселен, XIX ғасырдың аяғында гүлдің он алты популяциясы болса, бүгінгі күнде тек тоғызы қалған.

Гүлдер неліктен жойылуда? Гүл шоқтары, жаппай дәрілік шөп ретінде пайдалануға (өсімдіктің емдік қаситтері бар, оларды буын мен бұлшық еттер шаншып ауырғанда және күйген жараларға басады) жинау, сондай-ақ гүлдердің таралу аймақтарында арам шөптердің қалың өсуі.

Қайталанбас сұлулығымен табиғат адам баласын өзіне тартады, сондықтан олар табиғатта дем алуға ұмтылады. Барлығына жасыл шөптер мен гүлдерді тамашалау ұнайды. Табиғат аясында ауа таза, гүлдер мен шөптердің хош иістері тынысты кеңейтеді.

Әсіресе көктем уақытында табиғат өте көркем. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, гүлдерді жұлмауымыз керек. Әдемі гүлдер барлығымызды қуанышқа бөлеп жайқалып тұрсын. Гүлшоқтары үшін арнайы гүл бақшалары бар. Табиғатты сақтайық, адамзат кінәсінан сүйікті гүлдеріміз Жер бетінен жойылмасын.

 

 «Дәрілік өсімдіктер әлемі»  үйірмесінің жас натуралисі

Нурболова Дилназ

Қосымша білім беру педагогы

Ахметова Іңкәр Ерланқызы

 

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.