«Экоасар» науқаны

Бүгінгі таңда қоқыс бүкіл адамзат үшін экологиялық тұрғыда өзекті мәселе болып отыр. Күн сайын жүздеген гектар жерді ластайтын рұқсат етілмеген қоқыс орындары пайда болуда. Егер планетамыздағы барлық қалдықтарды бір жерге үйсек, Эльбрус тауының көлеміне тең болары сөзсіз. Әр адам: «Келешекте өсер ұрпақтың болашағы қандай болады?»- деп ойлануы керек. Қоқыстың арасындағы өмірді қалаймыз ба, әлде бірлесіп табиғатпен ортақ тіл табудың жолын іздестіреміз бе? Бұл сұрақтың ең қарапайым да тиімді шешімі – қоқысты бөлек жинау және оны әр адам өзінен бастауы тиіс!

Қоқысты бөлек жинау бойынша жобаны іске асыру қоқыс полигондарының көлемін азайтуға, елімізде қайта өңдеу саласын дамытуға, табиғи ресурстарды сақтауға және үнемдеуге мүмкіндік береді.

2020 жылы биологиялық орталық «ЭкоАсар» қозғалысына қатысты. Өткен жылдың қаңтар айында біздің кәсіпорын «Семей тазалық» ЖШС-мен шартқа отырды, аумаққа пластикті бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатылды, сондай-ақ макулатура мен пластикті жинауға арналған үлкен қапшықтар да бөлінді. Жиыны 327 кг жиналды, бұл көп те емес, аз да емес. Біздің қатарымызға отбасымыздың мүшелері, жас натуралистер мен олардың туған-туыстары қосылды.

Қолыңыздан келген көмегіңізді жасаңыз! Өзіңізден, отбасыңыздан бастаңыз, сіздің бастамаңызға миллиондаған адамдар қосылады.

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.