Қыстайтын құстарға қамқор болыңдар!

Құстар- табиғаттың ажырамас бір бөлігі, оларсыз табиғатты елестету мүмкін емес. Әрине, біз күнделікті айналамызда ұшып жүрген құстарды көреміз де оларға мән бермейміз, қоршаған ортаға әкелетін пайдасы туралы ойланбаймыз. Бау-бақшалар мен ағаштардың жайқалып өсуі осы құстарға байланысты. Бізді қоршаған орта өте ластанған. Оттегін жасыл желектер бөледі, ал адамға таза ауа қажет. Ересектердің алдында тұрған жауапкершілік- дені сау ұрпақтарды өсіру. Осы мәселені шешуде құстардың көмегі зор, олар ағаштар мен өсімдіктерді  зиянкесті жәндіктерден тазартады.

Күн суытқанда құстардың көбі жылы жаққа қоныс аударады, бізбен бірге тек қыстайтын құстар қалады. Жыл бойы зиянкестерді жойып, табиғатты сақтау осы қыстайтын құстардың еншісінде. Қараторғайлар, тоқылдақтар, сарышымшықтар, көктекелер, торғайлар, тіпті көгершіндердің өздері табиғаттың керемет көмекшілері. Он үлкен сарышымшықтың бір-екеуі ғана қыстан аман шығып, көктемге жетеді, ал осындай маңызды құстар өмір сүрулері тиіс. Сарышымшықтар өте пайдалы құстар, зиянды жәндіктерді жоюмен қатар олардың балаңқұрттарымен де күреседі.

Қатты аязда қоректерін табу үшін құстар тұрғын үйлерге жақындап, адамдардан көмек күтеді. Осындай қиын қыстауда оларға көмекке келетін тек адамдар ғана. Егер біз құстарды қыстан аман-есен алып шықсақ, көктемде олар алғыс ретінде, өсімдіктерді зиянды жәндіктерден тазартады, сызылтып ән салады.

Есіңізде болсын, күн жылынғанша құстарды күнделікті тамақтандыру керек! Қыста күн қысқа, түн ұзақ, қыстар күні бойы тамақ іздеп шырылдап жүреді, егер қорегін таба алмаса, аш құс таң атқанға дейін өмір сүрмеуі мүмкін. Олар жеген астарын тез қорытады, сондықтан жиі тамақтануға мәжбүр. Құстарға суық емес, аштық қауіпті.

Облыстық балалар биологиялық орталықта қыстайтын құстарды тамақтандыру акциясы дәстүрге айналған. Күз айларының соңынан бастап педагогтар мен жас натуралистер орталықтың аумағына жемшашарлар орнатады және күнделікті қатты аязға, боран мен қалың жауған қарға қарамастан құстарды тамақтандырады. Жас натуралистер құстарға фенологиялық бақылаулар жүргізеді: жемшашарға ұшып келген құстың жаңа түрін, олардың мінез-құлықтарын белгілейді.

Табиғатқа деген сүйіспеншілік әр адамға тән қабілет. Адамдардың экологиялық мәдениеті- қоршаған ортаны сақтаудың ең сенімді және жалғыз жолы.

Қымбатты достар, құстарға қамқор болыңдар! Құстар- табиғаттың сыйы. Олардың сайраған әуендері айналаны қуанышқа бөлейді. Құстардың әнін біз табиғат аясында: егістіктерде, ормандарда, су айдындарында тамашалаймыз. Қанатты достарымызды суық пен  аштықтан құтқаруға күш-жігерімізді аямайық!

Құстарға суық мезгілде қамқорлық жасап, уақтылы қоректендірсеңіз, олар сіздің бақшаңызға жиі қонаққа келеді. Жемшашарды терезенің алдына орнатсаңыз, күнделікті құстардың қимылдарын бақылап, тамашалап отырасыз. Оларды дұрыс және тұрақты тамақтандыру- жанашырлық пен қамқорлықтың белгісі. Құстарға деген қамқорыңыз нәтижесінде балаңызға үлгі боласыз, қиын кезде достарына жанашырлық танытуға үйретіп, алға жетелейсіз.

Бажакова Диана Токтагановна,

Облыстық балалар биологиялық орталықтың

қосымша білім беру педагогы

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.