«Туған өлкемізге көктем келді!» атты айдармен асыға күткен демалыс
Биологиялық орталықтағы жас натуралистердің «Туған өлкемізге көктем келді!» атты айдарымен өткізілген көктемгі демалыстары көңілді және танымды өтті. Тірі табиғат аясында 600-ден артық балалар жақсы дем алып, білімдерін жетілдірді.
Жас натуралистерге экологиялық және мәдени іс-шаралар, тірі табиғат өлкесінде көктемгі танымжорық жүргізілді. Балалар өз көздерімен ағаш шырының қозғалысын, өсімдіктердің көктемгі құбылысын және көктемнің алғашқы белгілерін тамашалады. Танымжорық барысынан олар көтеріңкі көңіл-күй мен күш-қуат әсерін алды.
Жер Күніне, халықаралық орман Күніне және әлемдік су ресурстары Күніне арналған «Жер- біздің ортақ үйіміз» атты шараларда жас натуралистер туған өлкеміздің экологиялық өзекті мәселелерін қозғап, орман, су ресурстары, ауа және қоршаған ортаны қорғауды насихаттайтын палакаттар жасады. Үйде, тұрмыстық жағдайда суды, электр қуатын үнемдеуді, табиғат аясында дем алғанда тазалықты сақтау туралы ақыл-кеңестермен бөлісті.
Сондай-ақ орталықтың жас натуралистері Ұлыстың ұлы күні «Қош, келдің әз Наурыз!» мейрамын атап өтті, мерекеде өз өнерлерін көрсетіп, көңілдерін көтерді.
Бірінші сәуір халықаралық Құстар күні жыл құстарын қарсы алды «Қыста қамқор болайық, көктемде құстар сайрасын!» деген акцияның қорытындысын шығарды және осы акцияның қорытындысы үйірмелердің жылдық рейтінгісіне енгізілді. Балалар 2019 жылдың құсы Дуадақ туралы байқаған қызықты деректер туралы әңгімелеп, педегогтардың көмегімен өз қолдарымен жасаған құстардың үйшіктерін орнатты.
Жас натуралистердің көптен күткен көктемгі демалыстары мазмұнды, көңілді және танымды өтті. Енді олар биологиялық орталықтың жазғы лагерін асығыспен күтуде.
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты




