Корелла тотықұсы- жақсы дос
Корелла тотықұсы үйде асырайтын құстардың ішінде танымалдылығы жағынан толқын тәріздес тотықұстан кейін екінші орында тұр. Біздің биологиялық орталықта осы корелла құстарының өмір сүруі, келушілер мен «Орнитология» үйірмесінің жас натуралистерін қуанышқа кеңелтеді. Жыл бойы сәндік құстарды қоректендіріп-күтіп жүргізген тәжірибелік жұмыс нәтижесінде біз олардың балалар мен ересек адамдардың достарына айналуына мүмкіншілік барына көз жеткіздік.
Корелла- айналасына тамылжып ән салатын ғажап құстар және ойнақы сиқырымен кімді болса да таң қалдырады.
Біз тотықұстардың өніп-өсу кезеңіне 2018 жылдың маусым айынан бастап 2019 жылдың наурыз айына дейін бақылау жүргізгенде байқағанымыз, кореллалардың көбею кезеңі табиғаттағы құстардың көбею мезгілімен сәйкес келеді. Австралияда, құстардың шыққан жерінде, жаздың нағыз қызған кезінде Семей өңірінде қыс айлары, ал жаз айларында бізде ылғи +22 градустан жоғары ауа-райы болды.
Күнделікті бақылау барысында, еркегі ұрғашысын таңдап алып, оны айналшақтап, өлең айтып, жағымпаздана өз тұмсығымен оның тұмсығына тамақ салып көңіл аударды. Ал ұрғашысы болса басын иіп, көзін жартылай жұмып, сүйіспеншілікпен жауап береді.
Шағылысқан соң ұрғашысы алғашқы 2-3 жұмыртқаны салған соң, балапан басуға отырды. Ұрғашы тотықұс тек тамақтану және ішек бостау кезінде ғана үйшігінен шықты, басқа уақытта үйшігінде отырды. Жұмыртқа басу уақыты орташа есеппен 21-23 күнді құрады.
Кореллалардың толықтай көбею кезеңі, яғни жұмыртқа салғаннан бастап балапандардың өздігінше өмір сүргенге дейінгі мезгілі екі жарым айдай уақытты қамтыды. Ортылықта олардың өніп-өсуіне қолайлы жағдай жасалды: жарық күні ұзартылды; көлемдеріне сай жұмыртқаларын салып, басып отыратын ұялы жәшіктер; күнделікті ШҚО Семей өңірінің ауа-райының маусымдық ерекшелігін ескере отырып жасалған тәулік рационына сай құстарды құнарлы тамақтандырды.
Біз үйшіктердің тотықұстар үшін шартсыз қоздырғыш екенін ұқтық. Егер үйшіктер болмаса тотықұстар көбеймес еді. Тотықұстарға үйшіктерді әрдайым жылдың бір мезгілінде орнату қажет, сонымен қатар жазғы және қысқы көбею кезеңінің аралығы 6 айдан кем болмауы керек. Орталықтағы тотықұстарды асырайтын қаумалдың ішіне біз бір жылда екі рет үйшіктер орнаттық- 2018 жылдың маусым және желтоқсан айларының аяғында.
Жоғарыда аталған қолайлы жағдайларды бұлжытпай орындаса корелла тотықұстары ойдағыдай көбейеді. Орнатылған бес үйшіктің ішінде ең бірінші болып жұмыртқа салған тотықұстардың бір жұбын қысы-жазы бақылауға алып, келесі жайтты тұжырымдадық: ұрғашы тотықұс 2 жұмыртқадан соң, балапан басуды бастайды және ұзаққа үйшігін тастамады, тек тамақтанып, ішегін босатқан кезден басқа. Балапандар 20 күннен кейін жұмыртқаларды жарып шықты. Бір басылымда 5 немесе одан көп жұмыртқа болса да ең алғаш салған 2-3 жұмырқалардан балапандар шықты. Балапандар қанаттанып, өте тез өседі, тіпті олар жұмыртқаны жарып шыққан соң бір айдан кейін үйшікті тастауға дайын. Бірақ әлі де болсын ата-анасының көмегін қажет етеді, себебі олар өздігінен тамақтанып, ұша алмайды. Корелла тотықұстары жақсы ата-ана есебінде, олардың екеуі де балапандарын төзімділікпен тамақтандырды, ұядан ұшқан бірінші аптасында ұшуға үйретті. Екі аптадан соң олар ата-аналары сияқты қаумалдың ішінде өздігінен еркін ұша бастады. Толықтай қауырсынданған соң оларды айыру мүмкін емес, тек балалық аңғал көздері мен нәзік тұмсықтарынан білуге болады.
Корелла тотықұстарын тамақтандыру және оларға күтім көрсету барлығымызға сүйіспеншілік әсерін қалдырды. Бір-бірімізге бауыр басқанымыз соншалық, бір тотықұс қолға қонып, корелла тотықұсы тек жақсы ғана емес, сенімді дос екенін дәлелдеді.
«Орнитология» үйірмесінің жас натуралистері
Тусупаева Жибек, №17- орта мектеп
Арбацкий Андрей, 28- орта мектеп
Байтуякова Камила, 38- орта мектеп
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты



