Сиыр – 2021 жылдың символы
Жаңа жыл- балалық шақтың сиқырлы мерекесі. Жақын туған-туыстарды бір мерекелік дастархан басына жинайтын тамаша мейрам. Ғажайыптар мен сиқырға тек балалар ғана емес, сонымен қатар ересектер де сенеді.
Биологиялық орталықта жыл сайын біз ескі жылдың символын шығарып салып, жаңа жылдың символын қарсы аламыз. Өткен 2020 жыл ақ түсті тышқан жылы болды. Кібісе жылы баршаға оңай болмады. Көпшілігі жылдың аяқталуын асыға күтті. Күрделі жыл болғанына қарамастан, тәуекелге бел буып, өткен жылдың барлық маңызды сәттерін еске алып, 2020 жылды қорытындылауды шештік. Қол жеткізген жетістіктеріміз аз емес: тәрбиеленушілеріміз бен педагогтеріміз халықаралық, республикалық және қалалық деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы болды, қашықтықтан оқыту зерделеніп, оқыту үдерісіне енгізілді.
Тышқан жылының орнына 2021 жылдың нышаны Сиыр жылы келді. Бұл жыл үлкен істерге толы жыл болады деп жорамалдануда. Әрқайсымыз көптен күткен армандарымызды жүзеге асыра аламыз. Сиыр- қуатты, мейірімді, күшті және жылдам жануар. Қаржылық тұрғыдан алғанда, сиыр тұрақтылықты білдіреді, тіпті табыс көзінің өсуіне ықпалын тигізеді. Жыл иесі сиырдың әдептілік, уәдеге берік, айтқан сөзде тұру, шыдамдылық сияқты қасиеттері бар. Ал осындай қасиеттері жоқ адамдарды сиыр мүйізімен сүзіп тастауы мүмкін!
Биологиялық орталықта біз Тиша есімді жыл символына арнайы мерекелік тағам дайындадық. Биыл осындай құрметке көптеген келушілердің сүйіктісіне айналған үй қодасы ие болды. Шырынды асқабақ, сәбіз сияқты көкөністерден тағамдар дайындалды. Тиша тұратын қоршауды безендірдік, оған құттықтаулар мен тілектер айттық.
Орталық ұжымы тәрбиеленушілерді Жаңа жылмен құттықтау үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде жаңажылдық сахналық көріністер түсірді.
2021 жылда ең бастысы: біздің оқушыларымыз, орталықтың жануарлары аман болсын, зоологиялық коллекциямыз толықтырылсын, жақсы жаңалықтар, жетістіктер көп болсын, армандаған және көптен күткен мақсаттарымыз орындалсын.
Жалпы, 2021 жыл тыныш және бірқалыпты болуы тиіс. Бірақ жайбарақат жүруге болмайды. Себебі сиыр еңбексүйгіш жануар және бізден де соны талап етеді. Сондықтан барлық бағытта – жеке өміріңізде де ұжымда да еңбектенуге тура келеді.
Миршанова Юлия Сейтказиновна,
облыстық балалар биологиялық орталығының
қосымша білім беру педагогы
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты





