Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Облыстық балалар биологиялық орталығының тәрбиеленушілері түрлі деңгейдегі байқауларға белсене қатысады. Қосымша білім берудің оқу – әдістемелік орталығы ұйымдастырған балалардың жеке шығармашылық қабілеттерін шыңдайтын және тәрбиелік маңызы бар «Жаңа жылдық ертегіге саяхат» республикалық қашықтық байқауында тәрбиенушілеріміз жаңа жетістіктерге жетті.

Байқаудың қорытындысы бойынша «Жаңа жылға арналған креативті идеялар» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломды «Орниология» үйірмесінің тәрбиеленушісі Болатхан Кәусар, II дәрежелі дипломды  «Өсімдіктану» үйірмесінің тәрбиеленушісі Кеңесхан Амина және III дәрежелі дипломды «Зоология» үйірмесінің тәрбиеленушісі Болатхан Аружан иеленді. Жеңіске жеткен тәрбиеленушілердің педагогтары Диана Токтагановна Бажаковаға, Молдир Рахимжановна Ыдришоваға, Куралай Серикказыевна Тойшыбаеваға алғыс хаттар табыс етілді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.