Биологиялық орталықтың жаңа тұрғыны

Біздің орталықта жаңа тұрғын пайда болды! Тиінтәрізділер  отбасындағы ең сүйкімді және тартымды  келбет  иелерінің бірі- боршатышқан (бурундук). Табиғатта олардың түрлері көп. Боршатышқандардың негізгі тіршілік ету ортасы- орманды алқап. Шығыс американдық боршатышқан Жаңа Англияның жапырақты ормандарында, тайгада- сібірлік боршатышқан, ал Канада субарктикалық қылқан жапырақты ормандарында ұсақ боршатышқандар мекендейді. Біздің орталықтағы түрі- азиялық боршатышқан.  Азиялық боршатышқанның үстіңгі жағында бес қара жолақ бар, бұл жануарлардың ерекшелігі – денесінің жалпы түсі бұлыңғыр-қызыл болуында. Азиялық боршатышқан денесінің ұзындығы шамамен 15 сантиметр, құйрығы 7-12 сантиметр, ал салмағы 80-100 граммға дейін.

Суыр және тиінімен тығыз туыстық  қарым-қатынаста болғанына қарамастан, боршатышқан кішкентай тиінге көбірек  ұқсайды. Олар тиінге өзінің негізгі терісінің үстіңгі жағы қызыл-сұр түсті, қарыны ақшыл болуымен, ұзын құйрығы және дене құрылымымен ұқсайды. Боршатышқан қарда қалдырған іздері де тиіннен тек көлемімен ерекшеленеді. Ол ағаштарға мінсіз көтеріліп, 6 метрге дейінгі қашықтықта бірінен екіншісіне секіреді, тіпті 10 метрлік шыңдардан ептілікпен секіреді. Қажет болса, жануар сағатына 12 шақырымнан астам жүгіреді. Еріксіз жағдайда боршатышқандар табиғаттағыдан екі есе ұзақ өмір сүреді- шамамен 8,5 жыл. Кейбір дереккөздер үлкен көрсеткіш береді- 10 жыл. Табиғатта өмір сүру ұзақтығы 3-4 жыл.  Ол көбінесе ойықтарда өмір сүреді, бірақ тастар арасындағы қуыстарда, сондай-ақ ойпаттар мен шіріген дүмдерде ұя салады.

Ал бұл жануарлар немен қоректенеді? Тамақтану рационы дәнді дақылдар, бұршақ және зығыр, күнбағыс дәндері, қияр, жер жаңғағы, грек жаңғағы, кептірілген жемістер.  Сонымен қатар оған сүт өнімдерін: сүзбе мен сүт беруге болады. Сондай-ақ, азиаттық боршатышқан толығымен вегетариандық емес екенін ескере отыра, ас мәзіріне жәндіктер мен дернәсілдерді қосу керек немесе оларды аз мөлшерде шикі етпен алмастыруға болады. Цитрусты жемістерді жиі беруге болмайды. Тұқымдар және саңырауқұлақтармен де тамақтанады. Көбінесе өсімдіктердің шырынды жасыл бөлшектерін, жәндіктер мен ұлуларды жейді. Қызықтысы, азиялық боршатышқанның ауыз қуысында 80 грамм жаңғақты орналастыруға болады.  Яғни, олар өз салмақтарына тең заттарды оңай алып жүреді.

Біздің боршатышқан грек жаңғағы мен кептірілген жемістерді сүйсіне жейді. Тұтас грек жаңғағын шағып жеу оған қиындық тудыратынын байқап, біз оған жаңғақты шағып бере бастадық. Сонымен қатар жер жаңғағы, күнбағыс дәндері мен печеньені ұнатады. Тамақтануға таңғы уақытта шығады. Біздің боршатышқанға арнайы жаңа үйшік жасалды. Ол  үнемі шапшаң қозғалады. Қасына жақындаған адамдарға өте сақ қарайды. Азығын қойғанда кейде тығылып та қалады. Бірақ астауға қандай тағам салынғаны оны үнемі қызықтырады. Жаңа ортаға ол жақсы бейімделуде. Табиғатта олар қысқы ұйқыға кететін жануарлар. Мүмкін, қысқы павильон жылы болуына байланысты, ол ұйқыға кетпеді. Орталығымызда юннаттар арасында боршатышқанға ең үздік ат қоюға конкурс жарияланды.

Орталыққа осындай сүйкімді жануарымызды тамашалауға шақырамыз!

 

Данабекова Алина – «Бау – бақша» үйірмесінің жас натуралисі,

Ахметова Іңкәр Ерланқызы – облыстық балалар биологиялық орталықтың қосымша білім беру педагогы

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.