Биологиялық орталықпен бірге!
Жыл мезгіліне қарамастан қала тұрғындары мен қонақтары, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналары үшін биологиялық орталықтың есігі әрдайым ашық. Қысқы кезең- денсаулықты сақтау және нығайту үшін ең қолайлы мерзім, қыста ауа оттегімен қанық болғандықтан тыныс алу оңай. Биологиялық орталықта сырғанақ және мұз айдыны бар, сонымен қатар жаңа жануарлар: боршатышқан мен шиншилла пайда болды. Біздің орталыққа келген қала қонақтарының қалдырған жылы пікірлерімен таныс болыңыздар:
– Биологиялық орталықтың қызметкерлеріне флора мен фауна әлемінің табиғатымен танысуға мүмкіндік бергені үшін үлкен рахмет. Барлығына денсаулық пен амандық тілейміз!
– Орталық ұжымына тірі табиғатты, жануарлар мен құстарды тамашалуға берген мүмкіндіктері үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Балалар мен ересектер үшін өте танымды орын.
– Биологиялық орталықтың ұжымына адал еңбектері мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз. Сіздерге табыс пен өркендеу тілейміз.
Орталыққа келушілер пікір кітабында осындай көптеген тілектерін қалдырады, ұжым үшін қала тұрғындары мен қонақтарының пікірлері ең жақсы марапат болып саналады.
Биологиялық орталық «Менің Экомектебім» жобалары аясында қоқысты бөлек жинау бойынша экологиялық акцияға белсене қатысуын жалғастыруда, сондай-ақ орталықта экскурсия қызметі жұмысын бастады.
Баршаңызды тірі табиғаттың әдемі бұрышын тамашалуға шақырамыз!
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты




