Бірқазан – 2021 жылдың құсы

Жыл сайын Қазақстанда Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы Қазақстан құстарын қорғау одағымен бірлесіп жыл құсын белгілейді. Биылғы жыл құсы болып – бірқазан таңдалды. Оның басты мақсаты – Қазақстан аумағында мекендейтін бірқазан популяциясын сақтау мәселесіне халықтың назарын аудару. Тіпті кішкентай бала да бұл құсты басқа құстардан бірден айырады, өйткені оның өзіндік тұмсығы бар. Бірқазандар тұмсықтарын негізгі тағамдары – балықты алу үшін пайдаланады.

Қазақстанда бірқазанның екі түрі бар: қызғылт және бұйра бірқазан, екеуі де Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Ересек қызғылт бірқазанның алқымы сары түсті, көзінің айналасында қызғылт дақтары бар, ұшу кезінде қанаттарының астынан қара қауырсындары айқын көрінеді. Бұйра бірқазанның алқымы қызғыл сары, көзінің айналасында дақтары болмайды, ұшу кезінде қанаттарының асты сұр түсті. Бірқазандар тобымен ұя салады, бір аумақта ондаған және жүздеген ұялары болуы мүмкін, балығы мол сулы-батпақты жерлерді қоныстайды. Олар жыл құсына жатады, жылу сүйгіш болғандықтан Африка, Үндістан, Пәкістан сияқты ыстық елдерді мекендейді. Қазақстанда оларды Қара және Каспий теңізінің жағалауларында, Алтай өлкесінің өзендерінде кездестіруге болады. Ерекше тұмсығы бар құстың салмағы орташа есеппен 14 кг-ға жетеді, ал денесінің ұзындығы 1,8 метр. Бірқазан көлемі үлкен құс және алыс шақырымдарды еңсере алады. Өмірінің көп бөлігін суда өткізеді. Тамаша сүңгиді және жақсы жүзеді. Құрлықта  епсіз және ірі көрінгенімен әуе кеңістігінде өте кербез және батыл ұшады. Бірқазандар тобымен және сыналап ұшады. Ұшу кезінде ешқашан тәртіп бұзбайды. Жемтігін аулау кезінде өте қызық әрекет жасайды: 10 метр биіктіктен ашық тұмсығымен су астына тез сүңгіп, біраз уақыттан соң тұмсығындағы олжасымен су бетіне шығады.

Суда жүзетін ірі құс қорғауды өте қажет етеді, ластанған экожүйеде оларға өмір сүру қиын. Бірқазандардың тіршілігіне судың жағдайы, тереңдігі, көлдер мен өзендердің тазалығы әсер етеді. Бұл құстарға ең үлкен қауіпті адамдар төндіреді: балық аулау, мұнай өндіру, қоқыстармен, химиялық заттармен суды ластау, қамысты шабу және оларды өртеу.

Қазіргі заманда халықты экологиялық тұрғыда тәрбиелеу өзекті мәселе болып отыр. Экологиялық мәдениетке бала кезінен тәрбиелеу керек. Сондықтан балалар мен ересектердің тірі табиғатқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру және қоршаған ортаны қорғауға үйрету өте маңызды.

Табиғатпен тепе – теңдікте өмір сүру дегеніміз – табиғатқа қамқор болу, қоршаған ортаны болашақ ұрпағымыз үшін сақтауға және құстар мен басқа да жабайы жануарлардың қауіпсіздігі үшін қоршаған ортаның биоәртүрлілігін сақтауға көмектесу.

Осындай қасиеттерді бірқазан құстарынан көруге болады: олар өте мейірімді, тәртіпті, тобымен бірге тату тұрады және жауларына бірігіп күшті соққы жасайды.

 

Айтқазы Балнұр «Орнитология» үйірмесінің тәрбиеленушісі,

Бажакова Диана Токтагановна- облыстық балалар биологиялық орталығының қосымша білім беру педагогы

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.