«Мен, сен және бүкіл әлем» – экологиялық фестиваль
2021 жылдың 26 қаңтарында облыстық балалар биологиялық орталығында «Semey» және «ТВК-6» телеарнасының қатысуымен «Мен, сен және бүкіл әлем» атты экологиялық фестиваль өтті, бұл шараның басты мақсаты «ЭкоАсар» қозғалысы және «Менің өмірімдегі экомектебім» жобасы бойынша жасөспірімдер арасында экологиялық мәдениетті дамыту.
Іс-шара барысында үйірмелердің тәрбиеленушілері: «Макулатура тапсыр – ағашты сақта!», «Қардың көмегімен ауаның тазалығын анықта», «Менің экоізім», «Пластик – қоршаған ортаның жауы!», «ЭКОнауқан», «Жылу дәндері», «Кішкентай батареяның зияны» бағыттары бойынша өз жаңалықтарымен бөлісті.
Сіз газет, журнал немесе кітапшаны оқыған соң қандай әрекет жасау туралы ойладыңыз ба? Егер оларды оқып болған соң лақтырып тастасаңыз, қоқыс полигонына түседі де басқа қалдықтардың арасында шіріп кетеді. Ал екінші шикізат (макулатура) ретінде тапсырсаңыз, оларға екінші өмір сыйлайсыз. Осы орайда келесі мағлұматтарды есте сақтауға кеңес береміз:
-100 килограмм макулатура – бір үлкен ағашты құтқарады;
– жер шарындағы барлық қалдықтардың шамамен төрттен бір бөлігі қағаздан жасалған бұйымдар;
– біздің планетамыздағы ормандардың аумағы үнемі азайып келеді, сондықтан жақын арада ағаштардың жетіспеушілігі жаһандық проблемаға айналуы мүмкін.
Соңғы жылдары дүниежүзілік қағаз тұтыну бірнеше есе өсті. Компьютерлердің, әртүрлі электрондық құжат айналымы жүйелерінің және басқа да заманауи технологиялардың пайда болуы бұл тенденцияны өзгерте алмады.
Фестиваль барысында жас натуралистер қардың көмегімен ауаның тазалығын қалай анықтауға болатындығына көз жеткізді, өйткені қар – атмосфералық ауадан түсетін аэрозольды ластағыштардың тиімді аккумуляторы. Қар еріген кезде ластанған заттар қоршаған ортаға тарайды. Қаланың атмосфералық ауасында ластаушы заттардың мөлшері өте көп. Бұл жалпыға мәлім дерек. Қыс мерзімінде ластану көбірек болады, өйткені жылу қазандықтары толық қуатпен жұмыс істейді де мұржалардан түтін будақтап шығып жатады. Желдің бағытына байланысты олар үлкен қашықтыққа таралады. Қар – ауа тазалығының көрсеткіші. Қарды зерттей отырып, қаладағы ауаның ластану деңгейін көре аласыз.
Ал пластик қоршаған орта мен адамзаттың бірінші жауы, өйткені оның ыдырауы 100-ден 400 жылға дейін созылады. Сондықтан оны сұрыптау және жою туралы білу өте маңызды.
Әр адам кішкентай батареяның қоршаған ортаға қаншалықты зиян тигізетінін естен шығармауы керек. Батареялар энергия өндіруді тоқтатқан соң біз оларды жай қоқыс жәшігіне лақтырамыз, ары қарай не боларын ойламаймыз. Батареялардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына қалай әсер ететінін екінің бірі білмейді. Шындығында, жыл сайын біздің планетамыз экологиялық проблемаларды көбірек сезінуде. Егер мұқият қарасаңыз батареяның корпусында қоқыс жәшігіне тастамау туралы белгі бар. Бұл дегеніміз: «Батареяны тастамаңыз, оны арнайы қайта өңдейтін орынға апаруыңыз керек!» деген ұсыныс. Уланған топырақ өсімдіктердің өмір сүруіне және планетамызды оттегімен байытуына мүмкіндік бермейді. Зақымданған топырақ қалпына келу үшін ондаған жылдар кетеді. Ауыр металл тұздары топыраққа, содан кейін жер асты суларына сіңіп кетеді. Өз кезегінде олар өзендерді зақымдайды.
Батареяларды өртеген кезде ауаны зақымдайды. Олар бұлтқа қонатын улы заттарды бөледі. Нәтижесінде, химиялық заттар жауын-шашын түрінде атмосфераны ластайды. Сондықтан олардың қоршаған ортаға тигізетін зияны орасан зор. Мұндай әсерден барлық флора мен фауна қатты зардап шегеді.
Бүгінгі таңда орталықта экологиялық білім деңгейін көтеруге көп көңіл бөлінуде. Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша экологиялық сабақтар, мастер-класстар, сонымен қатар қоршаған орта үшін бөлек жинау туралы күнделікті әңгіме болады.
Өткен жылы биологиялық орталық Семей қаласында басталған «ЭкоАсар» экологиялық акциясына белсенді қатысты, макулатура мен пластикалық бөтелкелер қайырымдылық коллекциясы жарияланды. Түскен қаражат аз қамтылған отбасына және биоцентрдегі жануарларға көмек ретінде жұмсалады.
Биологиялық орталықтың аумағына пластик және қағаз қалдықтарын бөлек жинау үшін арнайы контейнерлер орнатылған. Осындай әдіспен 327 кг макулатура, 100 кг пластик және 60 дана батарея жиналды. Бұл аз да көп те емес. Ең үлкен қателік- ешқандай әрекет жасамау. Бізге отбасымыздың мүшелері, жас натуралистер және олардың ата-аналары қосылды.
Сондықтан баршаңызды жақсы іске өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!


Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты


