Құрлық тасбақасы

Бауырымен жорғалаушылар – мезозой дәуірінде планетаның қожайыны болған таңғажайып жануарлар. Олар сол заманда құрлықта ғана емес, суда да, ауада да басым болды. Қазір олар айтарлықтай азайды, бірақ сыртқы келбетімен және өмір сүру салтымен адамзатты таң қалдыратын көптеген түрлерін кездестіре аламыз.

Құрлық тасбақасы – үй жағдайында асырауға қолайлы жануар, ешқандай аллергия тудырмайды және оған қамқорлық жасаудың өзі қызықты. Дұрыс күтімдегі тасбақалар ондаған жылдар бойы өмір сүріп, табиғи ортадағы көлеміне дейін өседі.

 

Биологиялық орталықта 2 құрлық тасбақасы өмір сүреді. Сабақ барысында біз тасбақалардың негізгі ас мәзірі және оларды күту ережелерімен таныстық. Олардың азығын әртүрлі кептірілген жемдік шөптер мен дала өсімдіктері құрайтыны белгілі болды. Сондай-ақ бөлме өсімдіктердің кейбір түрлері де жатады. Көкөністерден сәбіз, шалғам, асқабақ, кәді және қияр беруге болады. Ал нан, ет, сүт, қырыққабат және алма мен алмұрттан басқа барлық жемістермен тамақтандыруға қатаң тыйым салынады. Аптасына бір рет оларға кальций мен арнайы дәрумендер қоспасын береміз. Бауыр мен асқазан – ішек жолдарының ауруларын болдырмау мақсатында тасбақаларға мөлшерден артық тамақ беруге болмайды. Сондай-ақ тамақты аз беру де қауіпті, себебі тасбақалар әлсірейді.

Табиғи ортада тасбақалардың құрлық және тұщы су түрлері ұйқыға кетеді. Жануарлардың қолайсыз табиғи жағдайлардан, климаттың өзгеруінен және тамақ жетіспеуінен аман қалуы үшін қыстау қажет. Табиғи жағдайда тасбақалар бұл кезеңге алдын-ала дайындалады. Күзден бастап олар тамақты аз жей бастайды. Ұйқыға кетер алдында 2-3 апта бұрын тасбақалар тамақтануды мүлдем тоқтатады. Ауа температурасы бірнеше күн бойы тұрақты 18 градустан төмен болған кезде олар ін қазады да соған кіріп, ұйқыға кетеді.  Ұйқы кезеңі 4 айдан 6 айға дейін, қарашадан наурызға дейін созылады. Ауа-райы жылынып, қолайлы деңгейге көтерілген кезде олар оянады. 3-5 күннен кейін інінен шығып, азығын іздей бастайды. Біздің орталықтағы тасбақалар да ұйықтайды, тек күн жылынғанда ғана белсенділігі арта бастайды. Тасбақалардың жасын анықтау өте қызықты және арнайы әдісі бар. Тасбақаның жасын анықтау үшін оның қабығының қалқандарының біріндегі сақиналарды санау қажет. Қалқандар – тасбақаның сауытын құрайтын қабыршақтар. Сонымен, біз биологиялық орталықтағы екі тасбақаның жасын анықтадық – 5 және 7 жас. Тасбақаларды бақылау өте қызықты!

 

Макеева Варвара,

 облыстық балалар биологиялық орталығының «Экожурналистика» үйірмесінің жас натуралисі,

Зайкина Ирина Игоревна

үйірме жетекшісі

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.