Кеппегүлдер – таңғажайып гүлдер
Бүгін биологиялық орталықта «Кеппегүлдер–таңғажайып гүлдер» тақырыбында ашық сабақ өтті, онда табиғи материалды қолданып, шығармашылық жұмыспен айналыстық. Нәтижесінде әр гүлдің, әр шөптің қайталанбас сұлулығына көз жеткіздік. Табиғатта кейбір тірі гүлдер кепкен күйінде де сұлулығын жоғалтпайтынын білдік, сондықтан оларды әртүрлі композицияларда қолдануға болады. Гипсофила, гомфрена, статиц гүлдерінің атаулары күрделі болса да гүл топтамаларын құрастыруға келгенде біздің ең жақсы көмекші достарымыз. Ашық сабақ барысында шығармашылықтан басқа, өз білімімізді өсімдіктер туралы қыр-сыры мол мәліметтермен толықтырдық. Мысалы, гипсофила, қалампыр тұқымдасынан, оның екінші атауы- қаңбақ, осы өсімдік тіпті әктаста да өсе береді. Гипсофила кез-келген ландшафтта үйлесімді, сол себепті флористикада жиі қолданылады.
Гүлдерді әрлендіру дегеніміз тірі гүлдермен құрғақ өсімдік материалдарын араластырып немесе тек құрғақ материалдардан жасалған гүл шоқтары мен композициялар. Тірі гүлшоқтарымен әртүрлі мерекелерде интерьерлерді безендіреді және құрмет көрсету үшін сыйға тартады. Гүлдер біздің өмірімізге ләззат пен қуаныш сыйлайды және шығармашылыққа шабыттандырады.
Композициялар құрастыру кезінде біз өсімдіктерді табиғи пішіндеріне қарай сурет элементі ретінде қолданамыз. Олардың табиғи пішіні өскен ортасының климат жағдайлары мен ырғағына байланысты қалыптасады. Әр өсімдіктің өзіндік биологиялық келбеті мен шырайы бар, сондықтан композиция өнерінде мейлінше табиғи пішінін өзгертпеуге тырысып, барлық қыр-сырын ескеру өте маңызды.
Өсімдіктерді кептірудің өзіндік әдісі бар. Ең алдымен оларды қауызы жартылай ашылған кезінде үзіп алады, содан кейін кептіру үшін гүл шатырларын төмен қаратып іліп қояды. Кейбір кезде кепкен гүлдерді әр түрлі түстерге, тіпті күміс пен алтынға да бояймыз.
Бүгін біз, үйірменің жас натуралистері, туыстарымыз бен жақындарымызға сыйға тарту үшін тамаша композициялар жасадық.
Иванова Ксения,
облыстық балалар биологиялық орталығының
«Экожурналистика» үйірмесінің тәрбиеленушісі,
жетекшісі- Зайкина Ирина Игоревна
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты




