Дүниежүзілік батпақ күні
Халықаралық маңызы бар, негізінен суда жүзетін құстар мекендейтін сулы – батпақты алқаптар туралы конвенцияға 1971 жылы 2 ақпанда Рамсар қаласында (Иран) қол қойылды, содан бері Рамсар конвенциясы деп аталады, ал қол қойылған күн Дүниежүзілік сулы – батпақты жер күні болып жарияланды.
Конвенцияның негізгі міндеті- теңіз және көлдер шығанақтарын, сулы-батпақты жерлерді химиялық қалдықтармен ластаудан қорғау. Батпақтардың басты құндылығы- суды тазартып, сапасын жақсарту қасиеті. Батпақтар- биосфераны тұщы және таза сумен қамтамасыз ететін барлық су экожүйелерінің көзі, көптеген жануарлардың тіршілік ету ортасы.
Батпақты аймақтардың негізгі тұрғындары – суда жүзетін құстар мен судың маңын жағалайтын құстар: қаздар, үйректер, тырналар, құтандар, құрлар. Батпақ алқабында батпақ ителгісі, бүркіттер, батпақ үкілері сияқты жыртқыш құстар да қоректенеді. Сондықтан батпақтарды қорғау ең алдымен біздің қанатты достарымызды сақтайды.
Батпақ күні облыстық балалар биологиялық орталығында да аталып өтті. Біздің орталықта өмір сүретін суда жүзетін құстар: сұңқылдақ және сыбырлақ аққулар, отүйректер, сұрүйректер, барылдауық үйректер, су маңын жағалайтын ақбас тырналар, тәжілі тырна, құтандар үшін табиғи ортаға ұқсас барлық қолайлы жағдайлар жасалған.
«Экологиялық өлкетану» үйірмесінің жас натуралистері,
жетекшісі- Ахметжанова Айгуль Токтарбековна
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты





