Еске алу күні

Бүгін биологиялық орталықтың ұжымы мен жас натуралистері Валерий Николаевич Дядовты еске алды. Тірі болса 2021 жылдың 14 ақпанында 72 жасқа толар еді.

Өкінішке орай 29 қазан 2020 жылы ұлағатты ұстаз өмірден озды.

Валерий Николаевич өнегелі өмірімен, мейірімге толы үлкен жүрегімен әріптестері мен өскелең жас ұрпақ алдында біртуар адамзатқа айналып, ұмытылмас із қалдырды.

Биологиялық орталықтың дамуы мен қалыптасуы үшін барлық білімі мен күш-жігерін аямады. 33 жыл бойы үздіксіз биологиялық орталықты басқарды. Іскер басшы Валерий Николаевичтің ұтымды жетекшілігі арқасында биологиялық орталық Қазақстан Республикасының Үздік қосымша білім беру ұйымына айналды.

Валерий Николаевич  жас жеткіншектерге өмір жолында таңдаған мамандығына адал қызмет етудің нағыз үлгісіне айналды.

Валерий Николаевичтің жарқын бейнесі мен жылы жүзі әрдайым жадымызда сақталады.

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.