Биологиялық орталықтағы «Масленица» мерекесі!

Әр түрлі халықтар арасында көктем мерзімі жаңғыру мен жаңару белгісінің нышаны. «Масленица» – шаруашылық  ырғағынан туындаған мереке. Көктем мезгілінде күзде жиналатын бай егіннің тұқымдары егілген, сондықтан көктемді халық байлығының бастамасы деп санаған. Әр елдің көктемді қарсы алатын өзіндік дәстүрлі мерекелері бар: Түркияда ол Хидреллез мерекесі, түркі халықтарында Наурыз-мейрамы, Жапонияда Омидзутори фестивалі, Үндістанда түрлі-түсті Холи фестивалі, ал христиандарда- Масленица мерекесі.

Ежелден орыс халқы жайнаған жазға жол ашатын құлпырған көктемді ерекше құрметпен қарсы алған, асыға күткен. Бір апта бойы қысты шығарып салған, осы дәстүрді жалғастыру мақсатында биологиялық орталықтың жас натуралистері де көктемді құшақ жая қарсы алды! «Масленица» мерекесінің ақпараты қамтылған әдемі қабырғагазеті шығарылды.  Апта бойы үйірмелер арасында іс-шаралар өткізілді: балалар Масленица мейрамының шығу тарихы туралы аңыздармен танысты. Осындай аңыздардың біріне сүйенсек, «Масленица» мейрамының негізіне майға піскен құймақтар жатады. Өйткені дөңгелек құймақтар күнге ұқсас. Құймақтарды пісіре отыра адамдар күннің қызуын шақырамыз, сықырлаған аязды күндерді күлімдеген көктем алмастырады деп ырымдаған. Осылайша күнді мейірімділікке шақырған,  орысша «умасливаться» сөзі түбірінен «Масленица» мерекесінің атауы пайда болған.

Жұма күні, орталықтың ұжымы мен тәрбиенушілері, аңсаған арман-мақсаттарын тілеп, шөптен жасалған тұлыпқа әдемі ленталарды байлады. Дәстүр бойынша тұлыпты өртеп, оқу-тәжірибелік телімге осы жыл молшылық жылы болсын деген ниетпен күлін септі.

Мереке соңы ойын-сауықпен жалғасты. Мерекеге қатысты викториналар ойналып, арқан тартысты, бірі-бірін құймақтармен тамақтандырды.

 

 

Жунусова Ляззат Кайратовна,

көптік жұмысты ұйымдастыру әдіскері

 

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.