Көптен күткен «Шуақты көктем келді!» айдары
Биологиялық орталықтың жас натуралистері үшін «Шуақты көктем келді!» іс-шарасы ұйымдастырылды, осы науқанда балалар көктемгі демалыстарын көңілді өткізуде.
280-нен астам бала штаттық режимде, сондай-ақ қашықтықтан 400-ге жуық бала қатысып, тірі табиғат бұрышында білімдерін тереңдетуде.
Оқушыларға арнайы экологиялық акциялар, тірі табиғаттағы маусымдық құбылыстар бойынша экскурсиялар өткізілді. Танымжорық барысында оқушылар ағаштардың шырын бөлуін, өсімдіктердің даму кезеңдерін тамашалады. Табиғат аясы балаларға жағымды күш-қуат және жақсы көңіл-күй сыйлады.
Жер күніне, Халықаралық орман күніне, Дүниежүзілік су ресурстары күніне арналған «Жер – біздің ортақ үйіміз!» іс-шарасында жас натуралистер туған өлкенің экологиялық мәселелерін қозғап, орман, су ресурстары, ауа және қоршаған ортаны қорғау бойынша үгіт-насихат плакаттарын жасады. Тұрмыстық үй жағдайында суды, қуат көзін қалай үнемдеу және тазалықты сақтау туралы ой- пікірлерімен алмасты.
Сондай-ақ, орталықтың тәрбиенушілері «Қош, келдің әз Наурыз!» мейрамын өткізу үшін алаң құрып, шығармашылық өнерлерін көрсетті.
Ал бірінші сәуір Халықаралық құстар күнінде балалар жыл құстарын сағынышпен қарсы алады, «Қыста қамқор болсаңыз, көктемде ән саламыз!» атты науқанға қорытынды жасалып, көрсеткіштері үйірмелердің жылдық рейтингісіне енгізіледі. Жас натуралистер 2021 жылдың жыл құсы болып таңдалған бірқазан құсы туралы қызықты деректермен бөліседі, сонымен қатар орталық қызметкерлері және педагогтердің көмегімен өз қолдарымен жасаған жемшашарларын орнатады.
Балалардың мазмұнды және жағымды көктемгі демалыс күндері жалғасуда. Енді олар биологиялық орталықтың жайдары жазғы лагерін асығыспен күтуде.
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты



