1 сәуір – Халықаралық құстар күні

Келіп көктем құстары,
Бау – бақшада ән салды.
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды.

1906 жылғы 1 сәуірде құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық конвенцияға қол қойылды. Содан бері жыл сайын көктем мерзімінде Халықаралық құстар күні аталып келеді. Бұл іс-шараға жүздеген мың мектеп оқушылар қатысады, қанатты достарына олар үйшіктер мен жемшашарлар жасап, ағаштардың басына іледі. Осы орайда облыстық балалар биологиялық орталығының жас натуралистері де тыс қалған жоқ.

31 наурыз күні биологиялық орталықта Халықаралық құстар күніне арналған экологиялық іс – шара өткізілді, оған қала мектептерінің 80-нен астам оқушысы қатысты. Ауа-райы жылы болғандықтан іс-шара биологиялық орталық аумағында, таза ауада ойын түрінде ұйымдастырылды. Оқушылар командаларға бөлінді және әр команда бағыт парағы бойынша өз ұранымен белгілі бір станцияларға келгенде, құстар туралы білімдерін көрсетті, соның нәтижесінде қатысушылар қанатты достарымыз туралы көп мағлұмат алды. «Ән әуені» станциясында балалар құстарды дауыстары бойынша ажыратты, «Құстар туралы жұмбақтар» станциясында қызықты жұмбақтар шешті, «Құстардың азығы» станциясында- құстардың қорегі жөнінде білімдерін айқындады, ал «Қыстайтын және қоныс аударатын құстар» станциясында оқушылар қыстайтын құстарды қоныс аударатын құстардан оңай айырып, тапсырмаларды өте жақсы орындады. Сондай- ақ, «Құстың қауырсының анықта» станциясы да қызықты өтті, мұнда жас натуралистер орталықта өмір сүретін құстарды қауырсындары бойынша қатесіз анықтады, ең соңында «2021 жыл құсы» станциясында биылғы жылы жыл құсы болып таңдалған бірқазан туралы, құстың Қазақстанда мекендейтін 2 түрі – қызғылт және бұйра бірқазан барын, 2 түрі де Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілгені, неліктен осы құс таңдалғаны  жөнінде қызықты мәліметтермен танысты.

Іс – шара соңында жас натуралистер құстардың үйшіктерін ілді. Қорытынды жасалып, командалар келесі номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды: «Ең әуенді», «Ең қамқорқоршы», «Жас орнитологтар», «Ең парасатты», «Жас білімділер», «Жас зерттеушілер».

 

Ахметжанова Айгуль Токтарбековна,

облыстық балалар биологиялық

орталығының қосымша білім беру педагогі

 

 

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.