Биологиялық орталықтағы «таза бейсенбі»

8 сәуірде биологиялық орталықтың қызметкерлері бір кісідей дәстүрге айналған көктемгі «таза бейсенбі» акциясына қатысты.

Күн жылынып, қар еріген сәтте табиғат адамзаттан көмек сұрайтындай кейіпте болады. Таза көшелермен, әдемі аллеяларда серуендеу, қаланың жасыл саябақтарында уақыт өткізу қаншалықты жағымды. Бірақ олардың тазалығы мен абаттандырылуы бізге байланысты. Барша халық таза қалада өмір сүргісі келеді. Әр адам өзін, отбасын, балаларын қоқыстан қорғағысы келеді. Біздің қаламызда тазалық орнауы үшін не істеу керек? Темекі тұқылдары, кәмпиттің қағаздары, пластикалық құтылар айналада шашылып жатпауы үшін не істеу керек? Бұл үшін қаланың тазалығын сақтауымыз керек, өйткені әлемді таза күйінде өскелең ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз. Келешек үшін әлем таза болуы тиіс. Жол бойында қоқыстар шашылып жатпау керек. Балалар бізден тазалықты, әдептілікті, қоқысты шашпау туралы дағдыларды үйренуі тиіс.

Планетадағы тазалық – сүйікті қаламыздың әр бұрышын тазалаудан басталады. Осы орайда қосқан күш-жігеріміз мағыналы! Тазалықты сақтауға әр адамдың мүмкіншілігі бар! Әр адамның үлесі – кез келген табысты істің негізін қалайды.

Қала тұрғындары мен қонақтарын біздің биологиялық орталыққа шақырамыз! Көркем табиғатта таза ауамен дем алып, сүйікті жануарларыңызды тамашалаңыздар!

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.