15 сәуір – Экологиялық білім күні!
15 сәуірде әлемнің барлық елдері Экологиялық білім күнін атап өтуде. Бүгін биологиялық орталықтың ұжымы балалармен бірге осы халықаралық мерекені атап өтті. Бұл күннің тарихы 1992 жылдан басталған, Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ конференциясында қоршаған орта мәселелері талқыланып, өмір сүру стратегиясын жүзеге асыруда және адамзаттың тұрақты дамуы үшін планетамыздың барлық елдерінің тұрғындарын экологиялық білімнің маңызын жетілдіруге шақырды.
Бүгінгі мерекенің негізгі мақсаты- экологиялық білімді нығайту, халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, қоғамды экологиялық қауіпсіздік саласындағы және қоршаған ортаның жағдайы туралы хабардар ету, сондай-ақ экологиялық тұрғыда қабілетті азаматты тәрбиелеу. Сондықтан адамзаттың қарқынды дамып келе жатқан қажеттіліктері мен планетаның тапшы мүмкіндіктері арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізу үшін әрбір саналы адам экологиялық білімді игеріп, қоршаған ортамен үнемі қарым-қатынас жасау тәсілдерін үйренуі тиіс.
Өткізілген экологиялық іс-шарада балалар жер бетіндегі тіршілік үшін ауа мен судың маңызын, олардың ластану себептерін, жойылып кету шегіндегі жануарлар, құстар мен өсімдіктер жөнінде, қоқысты бөлек жинаудың қаншалықты пайдалы екендігі туралы мәліметтерді білді.
Экологиялық білім күні экологияны насихаттау және білім беру саласындағы мамандар үшін ғана емес, сонымен бірге планетамыздың барлық тұрғындары үшін маңызды екенін атап өткен жөн, өйткені біз болашағымыздың қауіпсіз өмірі туралы сөз қозғап отырмыз. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру – болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтаудың кепілі!
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты




