19 сәуір – Халықаралық бәйшешек күні

19 сәуір  – Бәйшешек күні. Бұл дәстүрге айналған көктем мерекесі әлемнің көптеген елдерінде 1984 жылдан бастап атап өтілуде, оның тарихы Англиядан бастау алады. Бәйшешек- ұзақ қыс мерзімінен кейін шуақты көктемнің келе жатқанын алғаш хабарлайтын гүл.

Көптеген адамдар үшін көктем жылдың сүйікті мерзімі. Себебі көктемде  табиғат оянады, жылы жақтан құстар туған жеріне оралып, өздерімен бірге жылулық әкеледі, бәйшешектер қарды жарып шығады. Бәйшешек гүлдері көптеген елдерде өседі, жиыны олардың жиырма шақты ғана түрі бар, өкінішке орай барлық түрі Қызыл кітапқа енгізілген. Бәйшешек- тазалықтың, сұлулықтың және келе жатқан көктемнің белгісі. Сондықтан, оны әр адам алақанында ұстап, біреуге сыйға тартқысы келеді. Бірақ жұлынған бәйшешек тез солады, оларға бөлменің жылуынан қарағанда суық орта қолайлы.

Өсіп тұрған бәйшешекті тамашалау таныс емес жағдай, себебі олар жойылып кету шегінде және жылдан жылға азайып барады.

Бұл өсімдіктің жойылып кету себептеріне ең алдымен, орман алқаптарының азаюы, климаттың күрт өзгеруі, ауа құрамының  сапасы төмендеуі, өндірістерден тарайтын газдар мен түтіндер.

Жойылып бара жатқан өсімдіктер міндетті түрде Қызыл кітапқа енгізіледі. Бұл кітапта жануарлар мен өсімдіктердің барлық сирек кездесетін түрлері жинақталған. Сонымен қатар жойылып кеткен жануарлар мен өсімдіктердің болғаны туралы мәлімет береді және жойылу шегінде тұрған түрлерін сақтауға көмектеседі. Айта кететін жайт, Қызыл кітаптағы жануарлар мен өсімдіктер мемлекеттің қорғауында. Табиғатқа қамқор болыңыз, өйткені табиғатты сақтай отырып, біз тіршілікті сақтаймыз!

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.