Жер күні – ынталандырудан Дүниежүзілік қозғалысқа дейін

Бүкіл әлемде БҰҰ бастамасымен Жер күні аталып өтеді. Халықаралық мерекелер күнтізбесінде екі Жер күні бар: біріншісі, 20 наурыз – күн мен түн теңесетін күн, екіншісі- 22 сәуір. Бірінші мереке бітімгершілік пен гуманистік бағытқа ие болса, екіншісі – экологиялық бағытқа арналған. 1971 жылы БҰҰ 20 наурызды Жер күні деп белгілеп, ресми түрде бекітті, өйткені осы уақытта планетаның биологиялық ырғағы өзгереді, күн мен түн теңеседі, табиғат оянып, жаңару мен дамудың жаңа кезеңі басталады.

БҰҰ үндеуінде: «Жер күні – барлық адамдардың Жер планетасын ортақ үйіміз екенін түсінуге және бір-бірімізге өзара тәуелді екенімізді сезінуге арналған арнайы уақыт» делінген. Бұл күннің негізін қалаушы- әйгілі американдық қоғам қайраткері Джон Мортон, ол 1840 жылы елдің әр азаматын қоршаған ортаға ұқыпты қарау бағдарламасы аясында ағаштар мен бұталарды отырғызуға шақырды. Небраска аумағының хатшысы бола отыра, 1872 жылы көгалдандыруға арналған күнді белгілеуді ұсынды. Осылайша Ағаш күні пайда болды және бірден көпшіліктің қолдауын тапты. Жер күнінің тарихы осы жасыл желектерге арналған Ағаш күнінен басталады.

Бірінші күні штат тұрғындары миллионға жуық ағаш отырғызды және көп ұзамай олардың бастамасы қоғамдық қозғалысқа жалғасты. 1970 жылдан бастап мерекенің мәні қоршаған ортаны қорғаудың жалпы идеясына айналып, жаңа атауы- халықаралық Жер күні пайда болды. 1971 жылы БҰҰ бұл мерекені ресми түрде бекітті, содан кейін бүкіл әлемге тарап, жылдан жылға ауқымды халықаралық науқанға айналды.

Қазіргі таңда Жер күні- планетаны ортақ ғаламдық үй ретінде қорғауға арналған азаматтық бастамалардың Дүниежүзілік қозғалысы, көптеген экологиялық және бітімгершілік іс-шаралар мен акцияларды біріктіреді. Бұл мерекені нәзік қоршаған орта, адам мен әлем арасындағы қарым-қатынас мәселелері туралы ой салатын күн деп айтуға болады.

Жершарының түкпір – түкпірінде өткізілетін қоршаған ортаны қорғау мен абаттандырудағы ең танымал іс-шаралар: экологиялық көрмелер мен фестивальдар, табиғат туралы марафондар мен конференциялар, қаланың көшелері мен аумақтарын тазарту, ағаш отырғызу, мәдени шаралар мен концерттер. Сондай-ақ, қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын Жер күні көптеген елдерде бейбіт өмірдің, барлық халықтардың достығы мен ынтымақтастығының символы болып табылатын Бейбітшілік қоңырауын бір минуттай соғып, адамзатты мәдениетті сақтауға, жетістіктерге жетелеу әрекеттеріне шақырады. Бұл рәсімнің мәні – планетамызды әдемі қалпында сақтауға, өмірді жақсартуға, Жерді өзіміздің бір бөлігіміз сияқты сезінуге үндеу тастау. Бейбітшілік қоңырауы 1954 жылы Жапон қалаларының қасіретін еске алу үшін құйылып, Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтеріне орнатылды. Қоңырауды құю үшін барлық елдердің балалары монеталарды жинаған, сонымен қатар көптеген елдердің ордендері мен медальдері балқытылған. Қоңырауда: «Бүкіл әлемде бейбітшілік жасасын» деген жазба бар. Осыған ұқсас қоңыраулар басқа елдерде – Жапонияда (1954), Германияда, Польшада, Түркияда (1989), Мексикада (1990), Австралияда (1992), Моңғолияда (1993), Канадада (1996), Бразилияда (1997), Аргентинада (1998), Эквадорда (1999), Өзбекстанда (2003) және басқа елдерде орнатылды. Жер күнінің планетамызды ғарыштан алғаш түсірген фотосуретінің бірі бейнеленген өз Туы бар.

Жыл сайын, сәуір айында, қаламызда сенбіліктер өтеді, барлық тұрғындар өз үйлерінің маңайын, көшелерді, скверлер мен саябақтарды қоқыстардан тазартады, ағаштардың түбін әктейді. Әрине, биологиялық орталықтың ұжымы мен үйірмелердің жас натуралистері орталық аумағын тазалауға белсенді қатысады. Жас натуралистер сенбіліктен басқа, Жер күніне арналған түрлі экологиялық шараларға қатысады: суреттер мен фотосуреттер байқауы, планетамызға ұқыпты қарауды насихаттайтын сыныптан тыс іс-шаралар. Оқушылар әрбір іс-шараға қатыса отыра, қоршаған ортаны қорғау ісінде белсенділік танытады, сондай-ақ Жерді қорғаудағы жаһандық қозғалыстың қатысушылары болып табылады.

Султабаева Сулушаш Зедаевна,

Семей қ. облыстық балалар биологиялық

орталығының қосымша білім беру педагогі

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.