Биологиялық орталықтағы көктемгі науқан

Бүгін биологиялық орталықтың оқу – тәжірибелік аумағында қызу жұмыс басталды. Көктем мерзімі – биологиялық орталық қызметкерлері үшін жауапты кезең, себебі жануарлардың азығын құрайтын көкөніс дақылдарының тұқымын себу, отырғызу жұмыстары үлкен күш-жігерді талап етеді. Сүйікті жануарларымыздың дұрыс тамақтануы үшін көкөністердің өнімділігі мен сапасының маңызы зор, сол себепті қажетті шаралар кешенін уақтылы жүргізу қажет, өсімдіктердің қарқынды өсуі- топырақтың құнарлығына байланысты. Бүгін ұжым қызметкерлері сәбіз және картоп отырғызды, бұл егіннің аз ғана бөлігі. Алдағы уақытта бізді көкөністердің, жеміс-жидектер мен әдемі гүлдердің сан алуан түрлерін отырғызу жұмыстары күтіп тұр. Орталығымыздың эстетикалық көрінісі экологиялық сананы оятады, табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, адамдардың тіршілік болмысына деген сауатты көзқарасын қалыптастыруға ықпалын тигізеді.

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.