«STEAM – балаларға экологиялық білім берудегі технологиялар» тақырыбы бойынша республикалық біліктілікті арттыру курстары
2021 жылғы 11-21 мамыр аралығында биологиялық орталықтың педагогтары қосымша білім берудің республикалық оқу – әдістемелік орталығымен бірлесіп балаларға қосымша білім берудің бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог кадрлары үшін Шығыс қазақстан облысы білім басқармасының Семей қаласы бойынша білім бөлімімен келісілген «Балаларға экологиялық білім берудегі STEAM – технологиялар» тақырыбында республикалық біліктілікті арттыру курстарын өткізуде.
Курстарға директорлар, директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер, биология мұғалімдері, республиканың барлық аймақтарынан қосымша білім беру педагогтары қатысады. Тыңдаушылар биологиялық орталықтың жұмысына, әсіресе оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудағы биологиялық бағыттың ғылыми – танымдық рөліне, экологиялық білімді насихаттауға, азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде экологиялық – биологиялық білім берудегі өлкетану тәсілдемесіне, сондай-ақ қазіргі кезеңде тәрбие іс-шараларын дайындау мен өткізудегі әдістемелік қамтамасыз етудің маңызына, білім алушылардың негізгі және зерттеушілік құзыреттерін дамытуда табиғи объектілерді пайдалана отырып өткізетін экскурсияларға аса қызығушылық танытуда.
Осындай курстар оқу-тәрбие үдерісін оңтайлы ұйымдастыруды және жинаған тәжірибелермен бөлісуді жетілдіреді.
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты



