Биологиялық орталық кәсіподақ дипломымен марапатталды.

Салалық кәсіподақтың төрайымы А.Мұқашева және кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының басшылары Семей қаласына жұмыс сапарымен келді. Қонақтар облыстық балалар биологиялық орталығында болып, орталық ұжымымен кездесті.

А.Мұқашева бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы  Д.Вощакинаны “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен марапаттап, бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы аясында Салалық кәсіподақтың 200 мың теңгелік ақшалай сертификатын табыс етті. Сондай-ақ, ұжымды кәсіподақ Дипломымен марапаттады.

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.