Қызықты үйірмелерге жазылуға шақырамыз!
12 қыркүйекте Семей қаласының облыстық балалар биологиялық орталығында оқушылар, олардың ата-аналары, мұғалімдер мен қала тұрғындары үшін Ашық есік күнін атап өту дәстүрге айналған.
Ұйымдастырылған іс-шарада қатысушыларға биологиялық орталықтың оқу-материалдық және кәсіби әлеуеттің барлық ресурстарын барынша пайдалана отырып, биологиялық-экологиялық бейіндегі қосымша білім беруді ұйымдастырудың инновациялық моделі болып табылатыны туралы мәлімет берілді.
Орталықтың ұжымы ұзақ жылдар бойы балалар мен жастардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастырып, олардың қабілеттері мен дарындарын ашуға, балалар мен ересектерді тірі табиғатқа, қоршаған ортаны қорғауға және тәжірибелік жұмыстарға баулуға ат салысып келеді. Сонымен қатар орталықта жаратылыстану ғылымдары саласында білім беру, балаларды тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Қазіргі таңда еңбектері еленіп, мыңдаған шәкірттері танымал биологтар, экологтар, дәрігерлер, оқытушылар санатына қосылған, ең бастысы- оларға мейірімділік пен жанашыр қасиеттерін сіңірген.
Орталықта мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын 57 бейінді үйірмелер жұмыс істейді: «Экожурналистика», «Орнитология», «Зоология», «Бау-бақша», «Өсімдіктану», «Жасыл зертхана», «Жас натуралистер», «Гүлдендіру», «Жас зерттеуші», «Жас қоян өсірушілер», «Экология және табиғат», «Аранжировка және флористика». Іс-шараға қатысушылар үшін үйірмеге қатысатын жас натуралистер мен педагогтар орталықпен толық таныстыратын мектептен тыс білім беру ұйымы жөнінде, толғандыратын сұрақтар қоюға және оларға жауап алуға болатын мазмұнды баяндамалар мен презентациялар дайындады. Барлық санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып өткізілген жиында, 180 бала мен олардың ата-аналары үйірмелерге жазылуға тілек білдіріп, оқушылар өздеріне ұнайтын үйірмелерді таңдады.
Ашық сабаққа қатысушылар орталықтағы оқу-тәрбие қызметінің жыл бойы жалғасатыны туралы хабардар болды. Оқу жылында 800-ге жуық тәрбиеленуші сабаққа қатысады, сондай-ақ биологиялық орталық базасында жазғы экологиялық лагерь жұмысы ұйымдастырылады, онда қаланың 700-ден астам оқушысы жыл сайын тірі табиғат аясында белсенді дем алып, орталықтың флорасы және фаунасымен танысуға мүмкіндік алады.
Биоорталықта балалар мен қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениет пен білім беруді дамыту бойынша насихат жұмыстары жүргізіледі, аталған ұйым «Энергияны тиімді қолдану технологияларын енгізу» жобасын іске асыру жолында пилоттық алаң ретінде таңдалды. Жоба аясында биоорталықтың аумағында агрофибр, күн су коллекторы орнатылған. Барлық қыздыру шамдары энергия үнемдейтін шамдарға ауыстырылды, ал жылыжайға фитодиодты шамдар орнатылды. Баламалы энергия көзі – күн су коллекторының арқасында биоорталықта жыл бойы ыстық су бар және ұйымның қаражатын да үнемдейді.
Сондай-ақ, 12 қыркүйек Қазақстанда «Отбасы күні» мерекесі болып саналады. Отбасы — әр адамның өміріндегі ең басты тынысы, жанұямызда өзімізге жақын және қымбат адамдар, бір- бірін жақсы көретін, үлгі тұтатын, қамқорлық жасайтын, жақсылық пен бақыт тілейтін адамдар. Отбасынан біз махаббатты, жауапкершілікті, қамқорлық пен құрметті үйренеміз. Іс-шараны ұйымдастырушылар қатысушыларға жақсылық, отбасылық амандық тіледі. Біз әрқайсыңызды табиғаттың жайлы да тамаша шығармашылық бұрышында күтеміз!
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты






