Жануарларға қамқор болайық!

Жыл сайын әлем бойынша 4 қазанда Жануарларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл Халықаралық күн бүкіл адамзаттың назарын жер шарының басқа да тұрғындары, табиғаттың перзенті – жануарларға аударуға арналған.

Осы бағдарлама аясында биологиялық орталық «Биоорталықтың жануарларына ең жақсы лақап ат қою», «Ең үздік танымжорық», «Сүйікті жануарым», «Жануарлардың сүйікті тағамдары», «Жануарлар көрмесі», «Мысықтар шеруі» атты байқаулар өткізеді.

Халықаралық жануарлар күніне орай жас натуралистердің қатысуымен биологиялық орталық аумағында іс-шара ұйымдастырылды, онда оқушылар тек зоология ғана емес, сонымен қатар орнитология мен экология саласында да өз білімдерін көрсетті. «Марафон» ойыны өте қызықты болды, балалар бірнеше командаға бөлінді, әр команда белгілі бір аялдамаға тоқтап, эрудиция мен тапқырлыққа арналған тапсырмаларға жауап берді. Қорытынды бойынша ең қызықты болып «Қай құстың әуені», «Қай құстың қауырсыны», «Қандай тағам дәмді» аялдамалары анықталды, ойын барысында балалар білімдерін кеңейтумен қатар таза ауада қозғалып, бойларына күш-қуат жинады.

Экологиялық және биологиялық бағыттағы осындай іс-шаралар нәтижесінде балаларды туған жерді қастерлеуге, патриотизм рухын көтеруге тәрбиелейді, жануарлар әлемін қорғауға шақырады, сондай-ақ оқушылар биологиялық орталыққа жануарлар қалай түскені туралы тарихымен танысты. Біздің тірі бұрышқа көптеген жануарлар табиғатта қиын жағдайға душар болғаны себептерімен түсіп, биоорталық оларға екінші өмір сыйлағаны туралы мағлұматтар алды. Осылайша балалардың жануарларға деген бауырмашылығы мен жанашаршылық сезімдерін дамытуға ат салысамыз.

Табиғатты қорғау- адамзаттың бірінші кезектегі міндеті!

Ходакова Наталья Сергеевна

Семей қаласының облыстық балалар биологиялық
орталығының қосымша білім беру педагогы

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.