Алтын күз – молшылық кезеңі
Алтын күз – алуан түрлілігімен таң қалдыратын жылдың тамаша мезгілі. Күзде ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, айнала қызыл-сары жапырақтарымен көзді қуантады, сол себепті балалар күз мерзімін ұнатады. Әсіресе күзгі орманға саяхат балалардың көңілінен шығады.
Дәстүр бойынша, жылдың осы тамаша кезеңінде, біз жас натуралистермен бірге күзгі жапырақтардан гүл шоқтары мен қолөнерге қолданатын жапырақтарды жинаймыз. Күздің суық таза ауасы, ағаштардан сусылдап жерге түскен жапырақтар, осындай көріністе орман арасында серуендеу өте жағымды әсер қалдырады. Кейбіреулерге күз сұр және жаңбырлы болып көрінеді, егер сіз позитивті адам болсаңыз, онда тек жағымды жақтарын тамашалайсыз. Сонымен қатар қыс мерзіміне дайындалатын уақыт, оған адамдардың, құстар мен жануарлардың дайындығы қажет. Жабайы табиғат та суық және аязды күндердің келе жатқанын сезінеді және үскірік аязды күндерге алдын-ала дайындалады.
Күз – жемістер, көкөністер мен дәнді дақылдарды жинау кезеңі. Біздің биологиялық орталықтың ұжымы бір кісідей жұмылып жануарларымыздың қысқы дәрумендерін жинайды. Шынымен, биологиялық орталықтың аумағында өз қолымыз егіп-өсірген көкөністер мен жеміс-жидектер- қыстың қатал күндерін жеңу үшін дәрумендердің басты қоры болып саналады. Жас натуралистер өнімді өсіріп-жинауға зор үлестерін қосады. Көмектесе отыра олар көкөністер мен жемістердің пайдасы туралы мағлұматтарды біледі, табиғаттағы өзгерістерді байқауды үйретеміз, жер бетіндегі барлық тіршілік иелеріне қамқор болуға тәрбиелейміз. Күз- таңғажайып жыл мезгілі, әдемі де қызықты. Жылдың осы уақытындағы барлық сұлулықты көре алатын адамдар шынымен бақытты. Өйткені, олар әр кезде табиғаттың әдемі жақтарын көре алады. Алайда, күздің жаңбырлы суық күндері жылы мерзімді аңсауды тудырмауы керек, өйткені қыс бойы тыныс алған табиғат көктем келісімен жаңа күшпен гүлдей жайнап баршамызды қуантады.
Бажакова Диана Токтагановна,
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ.
облыстық балалар биологиялық орталығының
қосымша білім беру педагогі
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты




