Өз болашағыңызды көркейтіңіз
«Жер қадірін жүрген біледі», – дейді дана халқымыз. Жер ананың құпияларын неғұрлым көп білсек, соғұрлым ол да бізге мейірімділік танытады. Біздің басты мақсатымыз- шағын тәжірибелік телімде үлкен істерге қол жеткізу. Өсімдіктерді өсіру үшін оның қыр-сырын білу қажет. Сонда ғана олардың құпияларына қанық боламыз. «Бау-бақша» үйірмесінде біз жеміс-жидектерді өсіруді, оларға күтім жасау дағдыларын үйренеміз, өсу мен даму кезеңдеріңде фенологиялық бақылаулар жүргіземіз.
Алғашқы сабақтардан бастап біз биологиялық орталықтағы жеміс-жидектердің алуантүрлігі туралы білдік, сонымен қатар бақшаға күтім жасаудың ерекшеліктерін зерттей бастадық. Биологиялық орталықтың жеміс-жидектер бөлімі 1984 жылы құрылған, 0,5 гектар жерді алып жатыр, бөлім жеміс-жидектер мен бау-бақшадан тұрады, ағаштар, бұталы және шөпті өсімдіктер: алма, өрік, алмұрт, қарақат, таңқурай, құлпынай, тұшала, шетен, шие.
Жеміс-жидектердің құрамында көптеген дәрумендер бар екені бәрімізге мәлім. Жыл сайын биологиялық орталықтың жануарлары үшін мол өнім жиналады. Биылғы жыл ерекше жемісті болды: 100 килограмм қарақат, 300 килограмм шие, 10 килограмм қара жемісті шетен, сондай-ақ 800 килограмм алма жинадық.
Біздің орталықтың жануарлары жидектер мен жемістерді ұнатады. Оларды қысқы мерзімде тамақтандыру үшін жеміс-жидектерді мұздатылған күйде сақтаймыз. Ал аю мен маймылдарға тосаптар қайнатамыз, компот жасау үшін жемістерді кептіріп дайындаймыз. Пони, елік, үй қодасы, лама, түйе, марал сияқты тұяқты жануарлар, сондай-ақ теңіз шошқалары, атжалмандар, ала тышқандар сияқты кеміргіштер алма, қара өрік, таңқурай, құлпынай және шиені сүйсініп жейді.
Жақсы өнім алу үшін жыл бойы бақшаға қамқорлық жасауыңыз керек. Суық мезгіл- ағаштар үшін қиын кезең. Жел, аяз, бұршақ аралас жаңбыр бау- бақшаға үлкен зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан біз бақшаны суық түспес бұрын қысқы кезеңге дайындай бастадық. Бақшаны қысқа дайындау ағаштардың артық және зақымдалған бұтағын кесуден басталады. Әдетте бұл жұмысты жапырақтар толық түсіп біткен кезде жүзеге асырады. Бірінші кезекте шұңқырларды шөптерден тазартып, ағаштарды суардық. Қыс айларында алма ағашы үшін басты қауіпті қояндар мен тышқандар тудырады. Ағаштарды кеміргіштер мен тышқандардан қорғау үшін біз оларды рубероид материалымен орап, кориандр себеміз, өйткені олардың иісі кеміргіштерді үркітеді. Осы жылы қазан айы жылы болғандықтан, біз ағаштарды тыңайтуды айдың соңына қалдырдық. Тыңайтқыш ретінде біз көңді қолданамыз- жас ағаштар үшін кем дегенде 30 кг, ал үлкен ағаштарға 50-60 кг жұмсалады. Сондай-ақ калий, фосфат, азот, темір және магнийді тыңайтқыш ретінде қолдану өте маңызды. Желсіз жылы ауа-райында бақшаға зиянкестерге қарсы сұйықты шашыратамыз. Бұл жұмыстар эстетикалық көрініс үшін ғана емес, сонымен қатар мол өнім алу үшін де өте маңызды.
Сондай-ақ, біз көктемде алма ағашын егу арқылы көбейтуді жоспарлап отырмыз, таңқурайды қаламшалау, ал құлпынайдың сабақтарын бөлу арқылы көбейтуге тырысамыз.
Ерең еңбегімнің арқасында өсімдіктерге жаңа өмір сыйлап, табиғи жидек-жемістермен орталықтың жануарлары мен адамдарды дәрумендермен қамтамасыз етуге қосқан үлесімді мен мақтан тұтамын. Мәуелі ағаштан өз еңбегіңізбен өсірілген алманы үзіп алу- бағбан үшін ең жоғары мәртебе.
Облыстық балалар биологиялық орталығының
«Бау-бақша» үйірмесінің тәрбиенушісі
Данабекова Алина,
№ 39 мектеп, 7 сынып.
Жетекшісі: Ахметова Іңкәр Ерланқызы
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты




