Ағаштарды қысқы мерзімге дайындау

Ағаштардың адамзатқа берер пайдасы зор. Жазда тәтті жемісімен, саялы көлеңкесімен, жайқалған жапырақтарымен қуантса, қыс кезінде қатты желден қорғап, пана болады. Ағаштарға күтім жасау – біздің парызымыз. Алдын ала жүргізілген шаралар көптеген ағаштарды құрт-құмысрсқадан тазартып, өмірлерін ұзартады. Ағаш күтімі- уақтылы суғаруды, қырқуды, топырақтың механикалық және химиялық құрамын тыңайтуды, аурулар мен зиянкестерден қорғау мен емдеуге арналған іс-шараларды қамтиды.

Кейбіреулер жаз аяқталып, күн суыта бастағанда ағаштарға күтім жасауды тоқтатады. Келер жылы ағаштарыңыз сіздерге қуаныш сыйласын десеңіз, қазан және қараша айларында  оларға дұрыс деңгейде күтім жасауыңыз қажет.

Біздің биологиялық орталықта көлемі 3,6 га қамтитын дендрологиялық және көшеттер өсіретін бөлімдер бар. Онда 30 дан астам ағаштардың түрлері өседі: қайың, долана, ұсақ жапырақты қарағай, емен, сібір шыршасы, жөке, қызыл шетен, кәдімгі қарағай, терек, пирамида терегі, үйеңкі, майқарағай және т.б. Солардың ішінде аса көзге түсетіні – маньчжур жаңғағы, табиғаттағы таралу аймағы Қиыр Шығыс, Солтүстік Қытай және Корей түбегі. Ол негізінен аралас орманда, қылқан жапырақты ағаштарға жақын өсуді ұнатады.

Аталған ағаштардың барлығы күтімді қажет етеді. Күз мезгілінде кез-келген қопсыту жұмыстары топырақтың құрамын нашарлатуы мүмкін. Сол себепті біз топырақты қазан айының соңы – қараша айының басында көңмен тыңайтамыз.

Күз айларының ортасында жас натуралистермен бірге зиянкестерге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын бастаймыз. Кез – келген жоғары концентрациядағы 500 – 700 г минералды тынайтқышты 10 литр суға салып, ерітеміз. Егер минералды тыңайтқыш болмаса, ас тұзын қолдануға болады, 10 литр суға 1 кг тұз қажет болады. Бұл жұмысты ағаштардың жапырақтары толық түскен соң бастау керек. Жылы, желсіз күні таңертенгі уақытта бастаған жөн. Назар аударатын жағдай, әр түрлі бақша ағаштары жапырақтарының түсуі бір уақытта аяқталмайды. Мәселен, емен ағашының жапырақтары кеш түседі, тіпті аязды желтоқсанда бұтақтарындағы жапырақтарды байқауға болады.

Неліктен ағаштарды бүрку жұмыстары күздің соңында жүргізілуі керек? Себебі осы уақытта өсімдіктер «ұйқыға» кетеді де химиялық сұйықтық оларға зиян келтірмейді. Ал зиянкестердің сыртқы қабығы әлі қатаймағандықтан минералды тыңайтқыш олардың денесіне сіңіп, зат алмасуын бұзады, нәтижесінде зиянкестер жойылады. Әрине, жазда мұндай бүрку жұмыстары жүргізілмейді, себебі химиялық күйік тудыруы мүмкін. Күз мезгілінде біз осындай күрделі жұмыстарды атқарып, ағаштарды қыс мезгіліне дайындауға үлесімізді қосамыз.

 

Облыстық балалар биологиялық орталығының

                     қосымша білім беру педагогі Амирханова Жанар Болатбековна

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.