Биологиялық орталықтың тәрбиеленушілері Аю күнін атап өтті

Семей қаласының балалар биологиялық орталығында Боря лақап атты қоңыр аю пайда болды. Келушілердің қызықтайтын сүйікті жануарлары – Зита мен Боря Аю күні мерекесі қарсаңында басты кейіпкерлерге айналды. Бұл қысқы мереке дәстүрлі түрде бүкіл әлемде 13 желтоқсанда атап өтіледі. Алайда, қыс мерзімінде маймақ жануарлар ұйқыға кететіні ескеріліп, оқушылардың күзгі каникулының бірінші күнінде атаа өтуді жөн санадық. Оқушылар аюларға арнап көкөністер мен жемістер қосындысынан жасалған тәтті тағамдар дайындады.

Боря мен Зита балалар жасаған тағамдарды жеу үшін бірден шықты. Алдымен олар жеміс-жидектер мен көкөністерді, содан кейін қоюландырылған сүт пен печенье жеді. Балалар аюларды құнарлы тағамдармен тамақтандырды. Себебі қысқы мерзімді жеңіл өткізу және күш-қуат жинау үшін ұйқыға кетер алдында аюлар өте жақсы тамақтануы қажет.

Сондай-ақ, оқушылардың білімдерін толықтыру үшін аюлардың түрлері  мен олардың өмірлеріндегі қызықты оқиғалар туралы танымдық викторина өткізілді.

Ежелгі нанымдарда аю молшылық пен денсаулықтың символы ретінде сипатталады. Көптеген ертегілерде аю үлкен күштің иесі болуына қарамастан аңқау, мейірімді бейне ретінде ұсынылады. Ал шынайы өмірде олар мүлдем басқа. Жабайы табиғатта олар момақаң жануар көрінгенімен, адамдардың аюлардан  аулақ жүргені дұрыс. Өйткені, аюлар адамдар үшін өте қауіпті.

 

Зайкина Ирина Игоревна,

Семей қ. облыстық балалар биологиялық

орталығының нұсқаулық – әдістемелік

бөлімінің меңгерушісі

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.