“Орал-Семей” республикалық балалар телекөпірі
2021 жылдың 11 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Орал – Семей” республикалық виртуалды телекөпірі өтті. Кездесу барысында Семей қаласының биологиялық орталығы мен Орал қаласының экологиялық – биологиялық орталығы үйірмелерінің жас натуралистері бір-бірімен танысып, достық шеңберлері кеңейді. Ұйымдастырылған шараның мәні қатысушыларға ортақ болғандықтан балалар мен әріптестердің қызығушылық әсерлерін тудырды.
Балалар өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы әңгімелесті, өз бақылауларымен және жаңалықтарымен бөлісті, өйткені биологиялық орталықта балаларды республикалық, халықаралық деңгейлерде жүлделі орындарға жетелейтін зерттеу жобалары үнемі жүргізіледі. Үйірмелерде пайдалы істермен алмасуға және тәжірибелермен бөлісуге мүмкіншіліктер жасалғаны қандай тамаша!
Осындай іс-шараны ұйымдастырғаны үшін әріптестерімізге алғысымызды білдіре отыра шығармашылық табыс тілейміз, оқушылардың құрметі мен алғысына бөлеңіздер. Ал балаларға тілеріміз- әр оқу күні сендерге мақтаныш сезімі мен жетістіктер әкелсін!
Телекөпір кезеңі осымен аяқталмайды, келешекте Орал және Семей қалалары республикалық іс-шаралар аясында ынтымақтастық мақсатында қосымша білім беру ұйымдары арасында меморандум жасау туралы келісімге келді.

Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты


