Жүзім сабақтары

Күз- жылдың молшылық кезеңі, сонымен қатар жұмбаққа толы мерзім. Күзде дәнді дақылдар пісіп, адамдар астық жинауға кіріседі. Біздің биологиялық орталықтың «Гүл өсіру және фитодизайн» үйірмесінің жас натуралистері жүзім сабағының кесіндісі арқылы жеміс алу туралы шешімге келді. Өйткені орталықта көптеген жеміс – жидектер өседі, бірақ жүзім өте аз.

Жұмысқа кіріспес бұрын жүзім туралы көптеген әдебиеттермен таныстық, біздің аймақта жүзім өсірудің қолайлы және қолайсыз жақтарын зерттедік. Содан кейін барлық қажетті жабдықтар мен материалдарды дайындадық.

Жүзім өсіруге жылдың 2 мезгілі қолайлы: күз және көктем. Біз күзгі көбею әдісін таңдадық. Жүзімнің сабақтарын қазан айының соңында дайындадық: бір кесіндіде 3 бүршіктен тұратын сабақты, шетінен 2 см-ден қалдырып, жоғарғы жағын түзу, ал төменгі жағын қиғаштап кестік. Кесіндіні зиянкестерден тазарттық, ол үшін суға калий перманганатын қосып, ашық қызғылт сұйықтықты қолдандық. Дайындалған ерітіндіде жүзім сабағын 15 минутқа салып қойдық. Одан кейін жүзім кесіндісін құмға үштен бір бөлігі енетіндей отырғызып, жерқоймаға қойдық. Жерқойма құрғақ болса, 2-3 аптада бір рет құмды ылғалдандыру керек.

Қаңтар айының соңында біз отырғызған кесінділерді алып, төменгі жағын қайтара кесеміз де бір тәулікке суға салып қоямыз. 1,5 айдан кейін көптен күткен тамырлар пайда бола бастайды. Сол кезде  топыраққа отырғызуды бастауымыз керек.

Тәжірибе жұмысы тартымды және қызықты. Өз жұмысыңды  бақылау әсерлі. Әсіресе – соңғы нәтижесі. Осылайша, біз жүзімді көбейте аламыз және жемістің алуан түрлілігін арттыру үшін коллекцияны жүзімнің екі сортымен толықтырамыз.

Жаңа нәрсе үйренуге бет бұрыңыз, сәтсіздіктерден қорықпаңыз. Өйткені, егер біз оқымасақ, ұтылмасақ, шындықты білмейміз.

Бакибаева Сабина,

 «Гүлдендіру және фитодизайн» үйірмесінің тәрбиеленушісі,

жетекшісі Миршанова Юлия Сейтказиновна,

 облыстық балалар биологиялық орталығының

 қосымша білім беру педагогы

Enquire now

Give us a call or fill in the form below and we will contact you. We endeavor to answer all inquiries within 24 hours on business days.