Жас натуралистер ізімен
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнінің 30 жылдығы қарсаңында облыстық балалар биологиялық орталығында Жас натуралистер қатарына қабылдау күні аталып өтті. Бұл жыл сайын балалар биологиялық орталығында өткізілетін дәстүрлі шаралардың біріне айналды. Жас натуралистер қатарына табиғатты сүйіп, бағалайтын, қамқорлық жасайтын және қоршаған ортаны қорғауға барын салуға дайын балалар қабылданады.
Іс -шараның тәрбиелік мәні зор, балалар белсенді табиғат зерттеушісі және табиғатты қорғаушысы бола отырып, олар өздерінің құрдастарынан жауапкершілікпен ерекшеленеді.
Қаланың 721-ден астам оқушысы салтанатты мерекеде жалпы дауыс беру арқылы жас натуралистердің заңдары мен ережелерін қабылдады.
Іс – шара барысында балалар елімізде Юннат қозғалысының тарихы мен қаламызда юннаттардың қозғалысы қашан басталғаны туралы мәліметтермен танысты. Сондай-ақ, бейнебаянды тамашалай отырып, балалар биоорталықтың қалыптасу тарихымен, оның қызметі мен жетістіктерімен танысты. Мереке соңында ең шешуші сәт келіп, салтанатты түрде балалар жас натуралистердың антын берді.
Меню сайта
- Новости
- Открытый бюджет
- Клуб почемучек
- Сведения об образовательной организации
- Листая страницы истории
- Коллектив центра
- Социальное партнерство
- Наши кружки
- Научно-исследовательская работа
- Организация каникулярного досуга
- Методическая работа биоцентра
- Конкурсы, акции, мероприятия
- Достижения и успехи
- Виртуальная доска почета
- Для Вас, родители!
- На страницах книги отзывов
- Экскурсионная деятельность
- Экологический вестник
- Фотоальбом
- Контакты



